Тіл - тас жарады...

Біз-біріміздің артымызды аңдып жүргенде олар біздің әлсіз жерімізді аңдыған екен

  • Біз-біріміздің артымызды аңдып жүргенде олар біздің әлсіз жерімізді аңдыған екен

    Біз-біріміздің артымызды аңдып жүргенде олар біздің әлсіз жерімізді аңдыған екен

Интернет қосылған сәттен алғашқы ойымды жазып отырмын.
Қазір өкпе қуатын, бәле іздейтін уақыт емес.
Тәуелсіздікті, елдікті сақтап қалу үшін, мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, Тоқаевпен бірге толғанып, ел қорғаған құзырлы ерлермен бірге қамданатын уақыт.
Кім жаза басты, неден басталды деп уақыт жоғалтпай, әуелі есік-тереземізді бекітіп, туымызды биік ұстап, шын мағынасындағы ауызбіршілік көрсететін кез келді, ағайын!
Қара жамылған отбасылар, зар еңіреген аналар, қыршынынан қиылған балалар…
Әлем бір уыс екен. Халықаралық террористер арамызда жүр. Біз-біріміздің артымызды аңдып жүргенде олар біздің әлсіз жерімізді аңдыған екен.
Аңқылдаған қазақ арандап қалдық. Елдің ниеті түзу еді. Алаңға барам да қайтам деген қазақ еді. Арты не болды?!
Алла сақтасын!
Бұл күндер де өтер, бұл үрей де бітер…
Бірге болайық, ағайын.
Аманат арқалаған мемлекет басшысымен бірге көк туды, ауыр жүкті бірге көтерейік

Мұхамеджан Тазабек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.01.2022, 11:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Ақпан 2021
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31