Тіл - тас жарады...

Біз қазақ сөз қуып жүргенде, әлем мүлде жаңа кейіпке енуде

  • Біз қазақ сөз қуып жүргенде, әлем мүлде жаңа кейіпке енуде

    Біз қазақ сөз қуып жүргенде, әлем мүлде жаңа кейіпке енуде

Болды ма? Депутат жаман, Байден жаман, жас министрдің қолынан түк келмейді деп, өзіміз жақсы болып болдық па?

Енді мынаған назар салыңыздар. Осы демалыс күндері қолым бір босағанда Клаус Швабтың "Четвёртая промышленная революция" кітабын аударған едім. Өзімнен өзім жамаан болдым.

Біз қазақ сөз қуып жүргенде, әлем мүлде жаңа кейіпке енуде. Және заман ағымы сағат сайын өзгеруде.

Мысалы, кезінде бәріміз жапа - тармағай фото сурет шығарып жүрген Kodak компаниясы 170 мың қызметкері бар ірі компания болатын. Ол әлемдегі фото қағаздарды тұтынатын жалғыз ғана монополист болды десек те артық айтпаймыз. Алайда, заманның ағымына сай, фото шығару үрдісі сұранысқа ие болмағандықтан банкротқа ұшырайды

Немесе, Қазақстанның нарығын жаулаған, InDriver мен Яндекс такси қожайындары Ресейде немесе әлемнің басқа нүктесінде отырып, рахаатттанееп өмір сүріп, нарығымызды иемденіп алды. Бір де бір қол астында таксопаркі болмаса да.

Біздің қазақ әлі ұйқыда. Саясат емес, өз отбасымыздың, бала - шағамыздың қарнының ашпағанын ойлайық.

Жалған намысқа бой алдырып, ақ көйлек, қара шалбар киіп жүретін таза жұмыс емес, сұранысқа ие мамандық әперуді көздейік. Заманның қайда кетіп бара жатқанын болжай алатын түйсігімізді дамытайық. Түйсігіміз дамымаса, жан- жағымызға қарайық. Оқиық. Ізденейік

P.S Айтпақшы, заманға сай мамандық алуды көздесеңіздер, "Төртінші өндірістік төңкеріс",- кітабының өзім аударған электронды нұсқасын тегін- ақ жіберемін. Жекеге жазсаңыздар болғаны. Ақысына баталарыңызды берсеңіздер болды)))



Жанерке Жуматаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3194    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30