Тіл - тас жарады...

Біздің әріптес замандастар арсыздық жөнінен одан да асқан екен

  • Біздің әріптес замандастар арсыздық жөнінен одан да асқан екен

    Біздің әріптес замандастар арсыздық жөнінен одан да асқан екен

Кешеден бері Ермек пен Аян жазып, есті жұрт шошынып, сынап жатқан Қазақстан арнасының "Қымбат жандар" хабары осыдан 15 жыл бұрынғы бір мақаланы еске салды... "Известия" газетінің Ирина Петровская деген телесыншысы болды. О кезде Игорь Кваша мен Мария Шукшина жүргізетін "Жди меня" хабары постсоветтік елдің етегін жасқа шылап тұрған уақыт. Константин Симоновтың хит өлеңін атау еткен бағдарламаның Петровская сынаған санында кешегі ұлттық арнаның хабарына аздап ұқсастау эпизод болды: табысқан ана мен ұл. Соны телесыншы адам сезімін азаптаудың, көрініс үшін ана көз жасынан көлдеткен жерден рейтинг жинаудың, хабар соңына дейін екі мұңлықты табыстырмай екі бөлмеде қамаған телецинизмнің мысалы еткен еді. Әуелде, "мәәә, ресейліктер қандай керемет хабар жасайды, жұрт түгел телміріп, қосылып жылап шығатын мына хабар қандай мықты" деп келген түсінік сол жолы күл-талқан болған еді... Біздің әріптес замандастар арсыздық жөнінен одан да асқан екен: хабар бойы бейбақ қызды бауыры туралы шімірікпей сөйлетіп алып, соңында қаңғып жүріп өлді дегенді естірте салыпты... ((

Қасым Аманжол

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2869    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31