Тіл - тас жарады...

Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді...

  • Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді...

    Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді...

  • Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді...

    Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді...

Біздің діншілдер асыра сілтемесе іші кебеді. Әжептеуір силап жүрген кісім, осында Тәңіршілдікті сыбапты?! Өткеніне тас атқан ұлт оңбайды. Сонау көне түрктер кезеңінде тап сенің бабаларың Тәңірге (бәлкім, Иса мен Буддаға) имандай сенді! Сиынды. Тәңірдің атымен жауға шапты. Бүгінде біз талтаңдап жүрген жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен біздер үшін аманатқа қорғап қалдырды. Қасық қанын төгіп жатып, ұрпағының өзіне тас ататынын білді ма екен? Шыңғысхан шапқанша менің найман мемлекетімнің християн дінін ұстанғанын мойындағың келмей өліп кетсең де теріске шығара алмайсың. Ол аздай, өтің жарылып кетсе де, Шыңғысханмен қазақ жеріне ере келіп, қалып қойған тайпалардың (рулар) көбі: будда, християн, Тәңіршілдікке табынған! Мың жерден қылқынсаң да, руың Шыңғысханмен еріп келген болса, тап сол кезеңде моғолстан халқы- ислам дінінде болмағаның. Бүгінгі қазақ топырағына Шыңғысхан ұрпағымен ере келген әр тайпадан құралған қалың қол исламды мойындап, исламдандыру болған. Ол - тарих! Бабалар өткен жол. Тап біздің Оңтүстікте 8-шы ғасырдың аяғына тақауға (Ысқақ бап жаулап алғанша. Өзге өңірде 9-шы ғасыр) дейін християн, манихей, заоостризм, будда, Тәңірге табыну болды. Дін үшін бір-бірінің бетін жыртпады. Құрметпен қарап, саяси-экономикалық тартыс жолында ғана соғысты. Ислам - әртүрлі сенімдегі түрк тайпаларын бір дінге біріктірген дін. Бірақ, көнетүрктік салт-дәстүріміз өзгерместен сақталды. Өз басым исламды сүйем. Сыйынам. Зерттеймін. Сүйсінем. Ұрпағыма аманат етем. Бірақ, исламға дейінгі тарихты құрметтеймін! Ислам жолымен келгендер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)"өзге елдің дәстүрінің залалсызына тиіспе" дегенін ақық орындады. Он бір ғасырдан бері (Шыңғысханмен келгендерге 7 ғасыр) ислам дінінде болғанымызға қуана тұрып, өткен тарихымызға тас лақтырғанның "соқыр топастық" екенін түсінбейтіндерге не дерсің?

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2927    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30