Тіл - тас жарады...

Біздің елде кітапханашылар, мұғалімдер үй аралап... тауық- жұмыртқа санауды бастап кетті

  • Біздің елде кітапханашылар, мұғалімдер үй аралап... тауық- жұмыртқа санауды бастап кетті

    Біздің елде кітапханашылар, мұғалімдер үй аралап... тауық- жұмыртқа санауды бастап кетті

Біздің елде кітапханашылар, мұғалімдер үй аралап... тауық- жұмыртқа санауды бастап кетті. Бәрі әлгі қырсық 21 мың теңгенің кесірі! Оның үстіне "сиырыңның табыс көзіне кіретін-кірмейтінін жергілікті әкімдіктер шешеді" деп тағы бірдеңені көңірсітіп қойды. Осы жерде менің түсінбейтін нәрсем, осы үкімет неге "үйін салып алмай үйленген" бозбаланың кебін кешеді де жүреді? Мен білетінде ... жергілікті билік жоғарыдан түскен тапсырманы тап-тұйнақтай қылып орындаушы ғана. Ендеше әлі көлемі белгісіз (21 мың ба еді, 20800 бе еді?))), қашан берілетіні тағы белгісіз (1 қаңтардан басталды, одан сәуір деді, енді тіпті шілде деген әңгіме шығып жатыр), неше бала көп бала екені белгісіз... белгісізі көп нәрсені жергілікті биліктің арқасына аудара салатындары несі? Әне бір әп-әдемі әнді тыңдаған бір мас ағамыз "мына аққу өзі жылжи ма, жылжымай ма?" деп айқай шығарған))) Сол сияқты қанша берілетіні, қашан берілетіні, қанша балаға берілетіні, күшік пен мысық мал санына кіре ме, кірмей ме... солардың бәрін шешіп болып... бізге "фас" десеңіздер болды ғой, қалғанын қатырамыз)))


Шара Турмаганбетова


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1404    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31