Тіл - тас жарады...

Біздің кейбір ақымақтар кредит алып осыларды тойға шақырады екен...

  • Біздің кейбір ақымақтар кредит алып осыларды тойға шақырады екен...

    Біздің кейбір ақымақтар кредит алып осыларды тойға шақырады екен...

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентке таксимен келе жатып, жарты жолда бір әйел таксиге отырды. Сөзден сөз шығып, әншілерге жайында әңгіме жалғасты. Әлгі әйел өзінің баласы үйлену тойына Еркін Нұржановты шақырамыз деп қайта қайта айтқанынан кейін әлгі әншіні 3.500 доллар кредит алып, жалға шақырыпты. Әлеуметтік жағдайы аса күшті емес отбасыға мынау тірлік айтарлықтай соққы болып, кредитті төлей алмай қалдық деп әлгі ана күйініп отыр. Келді де, үш төрт өлеңмен уыс уыс ақшамызды алды да кетті деп күйінеді анасы.


Мен өз басым Қайрат Нұртасты, Төреғалиды, Тұрсынбекті тойыма 100 000 ға да шақырмас едім. Не ол? Не қызық сонда? Өтірік микрофон алып, өтірік әзілді айтып, қазақты мазақтап 3 000 000 ды алады да кетеді. Мен ол миллиондарға үй салмаймын ба, жер алмаймын ба, кәсіп ашпаймын ба? Осыншама ақшаны өтірік микрофон алып қисаңдаған адамға бары жоғы үш сағат ішінде тапсыра салу обида ғой, обида. Ненің азабы? Мақтанды азаппен тапқан ақшаңа жасайсың соған миллиондарды тапсыра отырып. Түк логика жоқ. Ақымақтық пен надандық қана. Тапсырыс беруші де, алушы да ақымақ. Оның үстіне жататын орынына мықты гостиница, тамағы, жүрер жолы... т б т б т б. Мәдени алаяқ осы. Біздің кейбір ақымақтар кредит алып осыларды тойға шақырады екен. Топастықта да шек жоқ. Ертең кредитімді төлей алмай отырмын деп жылағанына жол болсын... Өкіметті кінәлайды келіп, кредитімен қысып жатыр деп. Шындығында әншілер қазақты экранда аздырса, екінші жағынан қалтасын қағып та аздырып жатыр. Барып тұрған ұлттық мәселені күліп, ойнап, жыртаңдап жүріп-ақ әншілер жасап жүр. Бірақ қазақтың өзінен. Осы миллиондарды құндылықтарға, білім мен ғылымға, өркениет жолына жұмсаса, қазақтан талай миллионерлер мен кәсіпкерлер шығар еді ғой. Елдік ақшаны шашудан емес, ұқыппен жинаудан басталады. Қазаққа мұндайды доғармай қайдағы өркениет? Әншілердің арасына түсіп, мені талап жатқандар басқа топтарда жетіп артылып жатыр.


Бекболат Қаржан

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 5524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30