Біздің шенеуніктер бәрін керісінше жасауға машықтанған

Біздің шенеуніктер бәрін керісінше жасауға машықтанған

Президент әр жиында "жаңа жұмыс орындарын ашыңдар, халыққа бір күрек тауып беріңдер"  деп тапсырма береді. Бірақ біздің шенеуніктер бәрін керісінше жасауға машықтанған. Тіпті саботаж ба деп ойлайсың.

 

Мәселен, елімізде көліктерді утилизация жасаумен айналысатын мыңдаған адам бір жарым жылдан бері жұмыссыз жүр. Себебі барлық өңірдегі ескі көліктерді қабылдайтын орындар қаңтар оқиғасынан кейін тоқтаған. Ал, ол жерде кемі 20-30 адмнан еңбек етеді екен. Сол азаматтар жұмыс орнымызды ашып беріңдер деп Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Жасыл Даму қорына талай мәрте хат жолдаған. Бірақ тікелей жауапты мекемелер халықтың арызын құлағына да қыстырмапты.

 

Ең сорақысын айтайын, ескі көліктерді қабылдау тоқтағалы, шетелге темір-терсек экспорты артқан. Яғни, ескі-құсқы техникалар қара темір ретінде вагон-вагон болып Қытай мен Ресейге жөнелтіліп жатыр екен. Әрине арзан бағада. Тараздағы көлік қабылдайтын орындарды көріп келдім. Былтыр ғана тау болып жатқан темір-терсекті тағаты таусылғандар металл қабылдау орындарына өткізіп тастапты. Енді Қытайға кеткен бір ескі комбайн өзімізге төрт Haval H6 болып оралады.

 

Министрлік өкілдері "еститін үкімет" деген қағиданы да ұмытқан екен. Утилизация жасауды бастаймыз не бастамаймыз деп айтпайды. Сондықтан  жұмыссыз қалған жүздеген азамат Астанаға барып Экология министрлігінің алдына төсек салып жатамыз деп отыр. Жағдайды ушықтырмай тұрғанда жауап қатып, халыққа ақпарат берсеңіpдерші.

 

 

 

Диас Нұрақын

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста