Тіл - тас жарады...

Дап-дардай "қатын" деген басыммен, ұсақ-түйек "еркексымақпен" ұстасып не табам?!

  • Дап-дардай

    Дап-дардай "қатын" деген басыммен, ұсақ-түйек "еркексымақпен" ұстасып не табам?!

Қазақша сұрағыма орысша шүлдірлеп жауап қайтарған жұмыстас қазақ жігітіне: "қазақша сөйлеңіз" — деп айтам деп оның көңілін "қауып" , жүрегін "сойып" түсіріппін...


Ақиқатын айтқанда, тап-таза пəлеге қалыппын...


Əжептəуір сыйлас, дəмдес болып жүрген "коллегама" сол бір-екі ауыз ескерту сөзімнен соң менен жаман адам жоқ сияқты көрініп жүргенін, оның мен туралы сыртымнан пыш-пыш əңгіме айтып, жалғанға жар салып жүргенінен-ақ ұғып, көңілім ашыған айран ішкендей кілкіп-ақ жүргені бар емеспе....


Жаным тым нəзіктеніп кеткенбе, əлде кəзіргі жағдайымның əсеріме соңғы кезде көрінген нəрсені жүрегіме ауыр алып, онсызда үзілейін деп тұрған жүйкемді тоздыратын болыппын ше...


Бірақ ше, ойлап қоямында, "намыссыздың санасы сирағынан аспайды" — дегендей, бойында тіліне, ұлтына деген намысы мен құрметі шалбарының белінен жоғары аспай қалған "еркексымаққа" не деп ренжимін деп...


"Опасызда ұят жоқ,

Ұятсызда опа жоқ"..— демекші тілі қазақша сайрап тұрса да, жұмыстағы орыстарға жағынып, солардың тілінде қағынып жүрген адамға "өз тілімізде сөйлейікші" — деп қалай түсіндірсемде, ұғатын түрі көрінер емес...


"Ұяты бармен — ұрыс,

Ұятсызбен — ұстаспа" — деген екен Махмуд Қашқари...


Сол айтқандай, дап-дардай "қатын" деген басыммен, ұсақ-түйек "еркексымақпен" ұстасып не табам деп əзірге аузымды жауып, көзімді жұмып, бақайымды қыбырлатпай отырмын...


Бұл отырысым қаншаға созылары тағы белгісіз, бір күні " бомба" болып жарылып кетемінбе деп тағы қорқып қоямын...


Не дегенмен, өзіміз қазақ бола алмай қылқынып жүргенде, осындай сатқын — опасыз немелердің қылығы қаныңды қарайтады екен деймінде ашынып...


Кульшан Нурбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1735    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31