Тіл - тас жарады...

Дәрігерлер ажалға арашашы емес, қабірге қалай баруды көрсетушіге айналды

  • Дәрігерлер ажалға арашашы емес, қабірге қалай баруды көрсетушіге айналды

    Дәрігерлер ажалға арашашы емес, қабірге қалай баруды көрсетушіге айналды

Бізде ғана...

Медицинада бес жылдан асырып оқыған жас маманның оқуын бітірмей жатып-ақ "пациент қабылдаудан шаршадым, соларды көргім келмейді" деуі - үйреншікті сөз;

Бізде ғана...

Бірнеше жылдық жоғары білімі бар хирург ауыр отадан шыққан науқастың жібін алуға өз орнына күні кеше ақылы медициналық колледжді бітіріп келген тәжірибесіз кішкентай қызды жібере салуы - үйреншікті әдет;

Бізде ғана...

Науқасты өзінен төмен санап, оған дауыс көтеріп сөйлеуге болады деп ойлайтын дәрігер атанып жүрген не адамға, не маманға келмейтін қосаяқтылардың қаптап жүргені де - үйреншікті нәрсе;

Бізде ғана...

Ауыр жағдайда жедел жәрдеммен түскен адамға "мұнда бұл аурудың маманы жоқ, қалаға барыңыз" деп түк қиналмай қарап отыруы - үйреншікті дүние;

Бізде ғана...

Әр екінші жүкті әйелге 4 айға жетпей тұрып баланың мүгедектігі мен кемтарлығынан сәбиден тезірек құтылуды айтуы - үйреншікті кеңес;

Бізде ғана...

Айы-күні жақындаған болашақ ана мен дерт әбден дендеп кеткен науқасты 500 шақырымдағы жолы жоқ облыс орталығына жіберуі - жауапкершіліктен қашудың үйреншікті оңай жолы;

Бізде ғана...

3 қабатты үп-үлкен аурухананың ішінде ақ халатпен әрі-бері жүргендерден аяқ алу мүмкін болмаса да, қажет кезде "маман жоқ" дегенді есту - үйреншікті тіркес;


***


Құжат бойынша бірнешеуі бар...

Бірақ ота жасамақ тұрмақ, отадан кейінгі істерге шамасы жетпейтін хирургтарды қалай бар дейсің?

Бала не ауру не кесарево арқылы шығару керек деп қалаға жіберетін гинекологтарын қалай бар дейсің?

Фашист бомбасы мен большевиктің атом бомбасын көрген экологиялық апатты аймақта, жыл түгел, айына рактан бәлен адам көз жұматын жердегі оқымаған онкологын қалай бар дейсің?

Айлап кезек күттіретін бітпейтін порталына салып жасатар отасын қоя тұрып, қарапайым көзілдірік аларда минус-плюсын айта алмайтын офтальмологын қалай бар дейсің?


***


Ақ халаттың жауапкершілігін көтере алмайтын болса, галстук тағып мемлекеттік қызметке барғаны тәуір-ау.

Абзал жандар ажалға арашашы емес, қабірге қалай баруды көрсетушіге айналғалы да біраз болды ғой.

Бұл - Қазақстанның медицинасы.


Жайнагүл Хамидолла

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.11.2018, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31