Депутат болғысы кеп жүрген көбі өзінің бағдарламасын жатқа айта алмады
Праймериз 5
"Айтпаса сөздің атасы өледі" дегендей айта салайыншы. Біраз дебат яғни сөзсайыс дегенді көріп шықтым, қолым тигенде онлайн тікелей эфирге де қатысып отырдым. Депутат болғысы кееееп жүрген көбі өзінің бағдарламасын жатқа айта алмады. Қағаздан ежіктеп оқығандарда болды. Аттарын атап ұялтпай-ақ қоя салайын. Айналайындар-ау өз бағдарламаларыңды өздерің түсінбей тұрсаңдар елдің қалаулысы болғанда бізге қайдан көмек етесің? Мен дейді бір үміткер Атырау қаласын ерекше қала етуге ат салысамын дейді. Ниеті дұрыс, бірақ о жас бала қалай ерекше ететінін ашып айта алмады. Экологияны, тазалықты ерекшелендіре алмай жатқанда Атыраудан Америка жасау әзірге қиял меніңше.
Дебат - [ фр. debats - талқылау] - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөз, айтыс.
Бірақ менің көргенім дымда дебат болмады. Бағдарламаларын таныстыру ғана. Жүргізуші болғандардың арасында дебаттың жілігін шағып, майын ішкен Нурлан, Ануар сияқты жігіттер неге айтпады екен депте ойладым.
Жә дегенмен ақтық мәреге 3 -ақ күн қалды. Сәттілік серік болсын! Бірақ енді анау ежіктегендер өтіп кетсе ұят болады- ау сол... Ойын шашыратса да нақты жеткізгендерде болды арасында. Денсаулық, экология, парасыздық, ауыл шаруашылығы, жастар мәселесі жөнінде жақсы да ойлар айтылды. Қолдауға тұрарлық. Іске сәт ҮМІТКЕР!
Айнур Хаменова
Фейсбуктегі парақшасынан