Тіл - тас жарады...

Елде медицина дамыған болса, бүйтіп Кореяны кезіп қаңғырмас та едік қой

  • Елде медицина дамыған болса, бүйтіп Кореяны кезіп қаңғырмас та едік қой

    Елде медицина дамыған болса, бүйтіп Кореяны кезіп қаңғырмас та едік қой

Мен осындай екі қызым тұрғанда үмітті үзуге қақым жоқ. Үміт тек жақсылыққа үміт. Олар да артында мендей сүйеніші барын толық сезінуі керек.

Алтынайымның жағдайын сұрап жатқандар көп. Әзірге профессор тағайындаған емді алып жатырмыз. Анализдеріміздің қорытындысы әлі толық шыққан жоқ. Ертең асқазаннан пункция алатын болды. Енді сол сәтті болса екен деп отырмын.
Қазақта "Арқа жайлы болса арқар ауып несі бар" деген сөз бар ғой. Кешелі бері сол сөзді ойлап қоям. Егер елде медицина дамыған болса, бүйтіп Кореяны кезіп қаңғырмас та едік қой. Медицинасын меңіреу қалыпқа түсірген мемлекет қайбір оңсын?! Көкейде бір сұрақ: қашан дамимыз?! Ұрпақтың болашағы не болады?! "Өздері шетке шығып, еш қысылмай емделіп жүре беретін шенділер бір мезгіл халықтың жайын ойласа етті" дейсің. Басты байлық денсаулық дейміз. Сонда сол денсаулық үшін ғана елде толық даму бағытына әлі түспеппіз. 30 жыл бойы есі дұрыс дамыған бір сала жоқ. Бар салада проблема бітпейді. Біз осы не істегенбіз 30 жыл бойы?! Біз 30 жыл бойы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуден шаршамай келеміз. Бітіргеніміз осы. Енді "Денсаулық" туралы Заңға өзгерту енгізгелі отыр екен. "Біз өлген соң қажетке жарамды ағзамызды рұқсатсыз ала беру" туралы өзгеріс дейді. Қаласа ол ағзамызды шетелге де сата береді. Воот, бірде-бір мемлекет адам өлген соң оның ағзасын шетелге сатпаған. Рұқсатсыз алмаған. Енді бұған жол берсек, біттің деген осы?!

Карлыгаш Зарыкхановна

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1541    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.12.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29