Енді совсем топас болмаса...

22 қыркүйек 2022, 16:15

Кеше  докторантураға түсерде, қазақ тілінен А2-мен түсіп жатыр деп естідім. Не сұмдық бұл?

 

Докторантураға түсе алмайтындардың көбі ағылшын тілінен өте алмай, қиналады екен.

 

Ал қазақ тілі ойыншық болғаны ма? Қазақ тілі мамандары, намыс қайда?

 

А2 деген бастауыш немесе орта мектеп деңгейі емес пе?

 

Шетелдіктер үшін болуы мүмкін. Ал өмір бойы Қазақстанда тұрып, 11 жыл қазақ тілін мектепте меңгеріп, сосын ЖОО бірінші курста оқып, А2 деңгеймен шығатындары қалай?

 

Жалпы, мемлекеттік тіл - қазақ тілі ЖОО соңғы курсқа дейін оқытылып, соңында мемлекеттік емтиханмен аяқталуы керек. Бірінші курста ғана оқытылса, әрине, ол студент оқу бітіргенше, тілді ұмытып қалады.

 

Содан да жұмысқа орналасқанда, ол мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмайды. Мемлекеттік тілде іс жүргізу деген пән таңдау компоненті екен. Яғни, міндетті емес. Оның өзі де жарты жылдық оқу шығар.

 

Мемлекеттік тілге сағат да ақша да аямау керек.

 

Бүкіл 4 жыл бойы, магистратурада да, докторантурада да оқытылсын!

 

Мүмкін сонда бірдеңе біліп шығар? Енді совсем топас болмаса...

 

 

Жеңіскүл Ибараим

Фейсбуктегі парақшасынан