Халық үшін ең үлкен олжа – аяғымыздағы тұсаудан арылу

27 ақпан 2022, 18:42

Иә, Ресейге бағытталған санкциялардың бізге қатты тиетіні о бастан белгілі ғой. Экономикалық жағдай қиындайды, бірақ шыдап бағу керек. Елдің президентіне қызыққанымызбен ол бізді бастап кетпейтіні анық. Қазақ халқын да, билігін де, көшедегі итін де басқадан қор санап, кемсітуге, табалауға қарсымын. Тас-түйін болайық. Қанша уақытқа созылса да, бұл аласапыран аяқталады, көршінің империялық арыны сонымен бірге басылып тынады деп үміттеніп отырмыз. Ұзақ мерзімде ол біздің халық үшін ең үлкен олжа, аяғымыздағы тұсаудан арылу, шын Тәуелсіздік болмақ. Құдай соған жеткізсін.

facebook.com парақшасынан