Тіл - тас жарады...

Халықтың қалтасындағы қара бақыр тиынына дейін сорып барамыз!

  • Халықтың қалтасындағы қара бақыр тиынына дейін сорып барамыз!

    Халықтың қалтасындағы қара бақыр тиынына дейін сорып барамыз!

АЛ, ОҚЫҢЫЗДАР! ОСЫНЫ КҮТТІҢДЕР МЕ МЕНЕН?!
(шыдамыңыз жетсе, соңына дейін оқып шығыңыздар)


Қоймадыңдар ғой.

Жазайын пандемия туралы.
Қатты жазамын.
Дайын болыңдар!
Өзім ауырып тұрғаннан соң, бұл тақырыпты қозғағым келмеген еді. Тіліңді шығарады ғой кейбір провокаторлар!
Кезінде "Сақтаныңдаршы, өтініш?! Италияның, Испанияның кебін кимейікші?!" деп зарлағанымда, "политика, Айсұлтан, Дариға" деп қарсы келген едіңдер маған. Кейбіреулер: "Саған билік қанша төледі?" деп мысқылдаған болатын. Солардың ішіндегі екі ағамыз да өмірден кетіпті. Иманды болсын!
Осыншама шырылдағанымда осындағы ел ағамыз деп отырғандар да, әншісі бар, клоуны бар, жыршысы бар, журналист-жазушысы бар: "Өлген адамды көрсетіңдерші? Жоқ вирус! Жоқ!" деп халықты азғырды.
Мен ауылдағы сенгіш, аңғал Халықты ойлап шырылдадым, сендерді емес сайқымазақтар!
Сендер қай кезде Халықты ойладыңдар, айтыңдаршы?! Ешқашан!
Елге жандарың ашыса, үйлеріңді, көліктеріңді ұтысқа тігіп, 10 мың теңгеден билеттеріңді сатпайсыңдар!
Сендер халықты ойласаңдар, 25-50 мың теңгеге семинар өткізіп, түкке тұрғысыз дермантин көшелёктарыңды, жасыл нәскилеріңді, қатеге толған кітаптарыңды сатпайсыңдар!
Сендер керемет болсаңдар, министр, әкім күйеулеріңнің 12 машинасын мінгізгенін, Луи Витон сөмкелеріңмен мақтанып, елді адастырмайсыңдар!
Сендер сондай жандарың ашып жатса, карантиннің кезінде сән салонында шуылдатып билемейсіңдер!
Енді жандарың ашып қалыпты да сендердің!
Халықшыл болып бара жатырсыңдар ма ет-жүректерің елжіреп?
Сатыңдар Хан сарайындай үйлерің мен Джиптарыңды!
Сендер де Халықтың осылай қырылып жатқанына себепшісіңдер!
Өйткені, Сендер видеоға шығып "вирус жоқ" деп пост жазып, Халықты ашындырдыңдар да, менің жазған постарыма қарсы келтірдіңдер!
Сендердің көпірген, лепірме видеоларыңды көрген жастар - маған емес, Сендерге сенді де, той тойлатып кетті. Сақтанбады.
Миллион, 100, 500 мың подписчигін жинап алғандар мені сыртымнан келеке етті. Не үшін дейсіздер ме? Себебі, олар қалталарын ойлады! Бутигінде сатып жатқан киімдері тұрып қалады деп ойбайлап, сән салондары тұралап қалады деп зар қақты да, Халықты маған қарсы тұрғызды. Тойдан құр қалып қоямыз деп жандары ышқынды!
Енді не күрмек секілді Халықтың арқасында су ішіп отырып, зарлап кеттіңдер?! Барлықтарың шеттеріңнен қор ашқыш болып кеттіңдер ғой тегі.
Жинап жатқан - Халық!
Қырғыздың әншісі секілді астарыңдағы көлікті сатып жатсаңдар мейлі ғой. Жоооқққ, бұлар Халықтың ақшасын жинап алып лепіреді келіп. Қолдан Батыр жасағанды қойыңдаршы!
Міндетті түрде жақындарыңнан айрылғандарыңда ғана коронавирустың барына сендіңдер ме!?
Дәл қазір көрден Гитлер мен Сталин тіріліп шықса ғой. Ана дәрілерді тығып ұстаған, қатынжанды Айбатыр Жұмағұлов пен оның командасын екі сөзге келтіртпестен қақ шекесінен атып түсіретін еді. Соның әйелі де жылмиып осындағы аңқау әйелдерді түкке тұрғысыз матрицасымен алдап, қалтасын қақты. Күйеуі бір, өзі екі болып сорды Халықты! Ол әйелден де Халықтан мүләйімсіп жинаған ақшасын шығарту керек!
Ал, базарларда дәрілерді он есе бағаға сатып отырған саудагерлер - Сендер елдің құртысыңдар! Жебірсіңдер! Дым көрмеген тексізсіңдер беттеріңе айтайын! Сендер өлейін деп жатқан Халықтан ақша көргілерің келе ме сонда?! Не деген жүректерің тастан жаралған пенде едіңдер?!
Қымыз бен шұбатты да екі есе бағамен сатуды қойыңдаршы, айналып кетейіндер?!
Ертең мына Халық қырылып қалса, жинаған ақшаларыңды қайда көмесіңдер?!
«Қазақ халқы - керемет, мықтымыз» дегенді айта бермеңдерші!
Енді түсіндім Абылайхан неге осыншама Бұхар жырауға бағынып, ақылына құлақ түріп отырғанын. Мына Үш Жүздің басын қосу мүмкін емес екен. Біздерді геноцидтен Голощекин емес қырған, мына өзіміз! Себебі, ол қазақтардың іші тар екенін көріп, мыңғырған малдарын Ресейге айдатты. Сталин де ауылда жүрген қазақтың кімнің кім екенін білген жоқ. Оны да өзіміз ұстап берген. Бәріне өзіміз кінәлі!
Жеп барамыз аңғал Халықты!
Қалтасындағы қара бақыр тиынына дейін сорып барамыз!
Біз мына түрімізбен бірімізді біріміз қанай берсек, ешқашан ел болмаймыз!
Осыны ұғыныңдар!
Бір әкім от шашып, енді бірі сафари ойнатып, тағы біреуі күннің ыстығында жолды жауып жатыр. Ал оларды сол баяғы қайыршы журналистер жақтап жатыр.
Көздеріңді ашыңдар!
Сендер өздеріңнен басқа ешкімге керек емессіңдер!
Сондықтан да, маскаларыңды киіп, той тойлатпай тыныш қана үйлеріңде отырыңдар!
Әркім өзінің қалтасы мен белсенділігін ойлауда. Күрмектерге жем бола бермеңдерші!
Хватит уже, бес жастағы балалар секілді "А, солай ма еді?" деп аңқайып отырғанды. Естеріңді
жиыңдар. Ақшаларыңды сайқымазақ психологтардан ақыл сатып ала берулеріңді тыйыңдар! Сендер оларға түкке де қажеттерің жоқ! Дипломсыз сауатсыз «коучерлерге» барғанша, кітап оқыңдар!
Ал кешке дейін сайқымазақ шоуларды көретін әйелдер, Сендер де босқа өткізбей уақыттарыңды балаларыңды тәрбиелеп, мына вирустан сақтаныңдар! Балаларға бұл вирус онша жұға бермейді. Олар - тасымалдаушылар (бессимптомный носитель). Ал үйден шықпай отырған қарияларға 5-ақ пайызы жетіп жатыр. Еркектер тез қабылдайды бұл вирусты! Сондықтан балаларды шығармаңдар!
Мен әлі Біртановтың Қазақстан Халқынан кешірім сұрағанын күтіп жүрмін! Шықсын інінен! Оның да мына қырғидай қырылып жатқан Халықтың алдында кінәсі бар!
Сосын сөз соңында айта кетейін, паникаға салына бермеңдерші небір видеоларды шығарып! Оның өзі қатты әсер етеді. Өзім ауырғанда анашымның айтуымен әдейілеп әлемжеліден шығып кеткенмін сондайларды көрмес үшін.
Енді мен бұл тақырыпқа қайта оралмаймын. Барлық сұрақтарыңа жауап беріп, жетеріне жеткізіп айттым деймін.
Қатты кетсем, шығып кетіңдер парақшамнан, мархабат!
Сөз соңында айтарым имансыздарға:
ҚАП-ҚАРА ЖҮРЕКТЕРІҢДІ ХАЛЫҚҚА АШЫҢДАР ДА, АҚША ЖАСАУДЫ ҚОЙЫҢДАР!!!

 

Бибігүл Дәулетбекқызы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5191    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.07.2020, 23:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31