Тіл - тас жарады...

Жемқор түрмеде жазылған кітаптарды оқиды...

  • Жемқор түрмеде жазылған кітаптарды оқиды...

    Жемқор түрмеде жазылған кітаптарды оқиды...

- Саламатсыз ба, Өмір ағай..

- Саламатсың.. Жәй жүрсің бе, мектепте? Сабақ басталуына әлі біраз күн бар ғой..

- Оқулық алуға келіп едім..

- Оның дұрыс екен..

Жазда қалай демалдың?

- Ауылға, мамамның әпкесінің үйінде 1 апта болып қайттым. Демалыстың қалғанын қалада өткіздім. Ағылшын тілі курсына бардым.. Әлі барып жүрмін..

- Оның дұрыс екен...

Ал сау бол! Балаларға сәлем айт..

- Өмір ағай, бірдеңе сұрасам болады ма?

- Әрине болады. Сұрай ғой..

- Не ғой... Сіз кітапты көп оқисыз ғой..

Жаз бойы ВК-да балалар Суханбердиева деген апай бір қызық кітап жазыпты деп шулап жатты.

Сол кітапты оқыдыңыз ба?

- Х-м... Сондай біреудің кітап жаздым дегенін мен де интернеттен көрдім.. Өкінішке қарай, кітапты оқымадым. Әлі баспадан шықпады-ау деймін..

Шықса да ондай адамдар жазған кітапты қолға түсіру қиын. Ондай кітап "бестселлер" деп аталады және қымбат болады..

Себебі жемқорларға арналған кітап қой. Жемқор дегенің бүгін болмаса, ертең түрмеге түсетінін сезеді. Сондықтан түрмеде жазылған кітаптарды оқиды..

Айтпақшы, "Қоғамтанудан" өткен "Сұраныс" пен "Ұсыныс" заңдары есіңде ме?

- Иә, есімде ағай.. Сұраныс көп тауардың бағасы қымбат болады..

- Өте жақсы.. Сұраныс көп ондай кітапқа мұғалімнің ақшасы жетпейді-ау деп қорқамын. Шығып жатса интернеттен оқырмыз. Оқысам міндетті түрде өздеріңе айтып беремін..

Ал енді бара ғой, мамаң іздеп қалар.


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2742    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30