Қайран Маман бай, қайдасың?

Қайран Маман бай, қайдасың?

Маман бай кезінде «Қазақ» газетінің жабылып қалмауы үшін қаржылай қолдау көрсетіпті. Қазақтың тұңғыш романына бәйге жариялапты. Қазақ тіліндегі білімді өрістету үшін Мамания мектебін ашыпты.

Бүгінгі байлардың дүниесі, есепшоттарындағы қаржысы сол Маман байдан жүз, мың, миллион есе көп шығар. Бірақ Маман байдың қазақ газеттерін қолдау жөніндегі үлгісін біреуі де көрсетіп жатқан жоқ.
Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінен бастап облыстағы қазақ тілді барлық басылымдардың таралымы жылдан-жылға құлдырап, төмен түсіп барады. Мемлекеттік тілдегі газеттердің таралымын көбейтетін мемлекет жанашырлары ғана. Пейлі мен ниеті басқаларға, әрине, мемлекеттік тілді газеттердің шақпағаны, тұқымы тұздай құрығаны, яғни мемлекеттің сөзін сөйлемегені керек. Мемлекеттің жоғын жоқтайтын, жаманын жасырып, жақсысын асыратын газет оларға керек емес.
Журналистер аудан мен ауыл-аймақты аралап, мемлекеттік газеттерге жазылыңдар деп құлындағы даусы құраққа шығып жүр.
Бірақ мойын бұрып қарайтын, "Халдерің қалай?" деп жағдай сұрап, қарайласатын Маман байлардай көзі ашық, көкірегі ояу маңғаздарды көрмедік.

Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста