Тіл - тас жарады...

Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді...

  • Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді...

    Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді...

Осы он күндікте қазақ қоғамы мен билігіне идеологиялық, саяси тұрғыдан біраз соққы жасалған сияқты:
1. Автокөліктерді тіркеу мәселесі халықтың билікке деген онсызда аз сенім капиталын тағы төкті. Билік минус ұпай болды.

2. Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмейміз деді. Қазақ қоғамы онсызда сынап жүрген бұл одақсымақты тағы табалап, біздің шығуымыз керектігін айтты. Билік тағы да минус ұпай болды.

3. Ресей билігі бірінші дүниеге келген балаға 2,8 млн теңге, ал екіншісіне 3,8 млн теңге беретінін айтты. "Ана капиталы" дегенді естіп көрмеген қазақ қоғамы шу ете қалды. Бұл жаңалық АСП дауымен тұспа-тұс келгендіктен билік тағы да минус ұпай болды. Оның үстіне бұл Путинді ұнататын, орманға қарап ұлитындарға да ұпай болды.

4. Путин мектеп оқушылары 4-сыныпқа дейін тегін тамақтанатынын айтты. Айдаладағы жаңалық болса да, билік тағы минус ұпай алды. Өйткені бұл мәселе бізде өткір тұр.

5. Лукашенко Ресей Қазақстанға мұнай сатуға тыйым салып, кедергі жасап отырғанын айтты. Билік тағы минус ұпай алды. Өйткені қоғам "біз расымен тәуелсізбіз бе" деген сұраққа қалды.

ПыСы: Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді. Ең жақсы жауап, "Ана капиталын" енгізу. Сол сәтте қоғам назары бірден соған ауады және билікке деген сенім артады.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1101    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30