Тіл - тас жарады...

Қазақстан мың жерден тыраштанса да, әлемдік туристік орталыққа айналмайды

  • Қазақстан мың жерден тыраштанса да, әлемдік туристік орталыққа айналмайды

    Қазақстан мың жерден тыраштанса да, әлемдік туристік орталыққа айналмайды

ӘЛЕМДЕ КРИЗИС, БІЗГЕ НЕ ҮШІН КЕРЕК БҰЛ?!


Астана қаласында құны 1 трлн теңге болатын туристік комплекс салынбақ екен. Ішінде аквапарк, қонақ үй, ойын алаңдары, офистер болады дейді. 1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ! Неге керек бұл жоба? Жалпы осындай жобаны қабылдамас бұрын "Астанаға қанша турист келіп жатыр", "олар онда қанша қаржы қалдырып кетуде" деген сынды зерттеулер жасалып жатыр ма? Мысалы ЭКСПО-дан кейін Астанаға қанша турист келді? Салынған ЭКСПО қалашығы турист шақырудың басты фишкасы бола алды ма? Менің ойымша жоқ.
1 трлн теңге дегеніміз шамамен 2.5 млрд доллар ғой. Қыруар ақша. Қазір әлемде кризис. Коронадағдарыс өршіп тұр. Елімізде мыңдаған кіші бизнестердің есігіне қара құлып ілініп жатыр. Жүз мыңдаған адам табыс көзінен айырылды. Еліміз былтыр коронавируспен күресу үшін Ұлттық қорға қол салды, қол салғанда мол салды. Соның бәрін көріп тұрып, біз 2.5 млрдқа туристік комплекс саламыз дейміз. Ее, оданда экономикаға шынайы стимул беретін зауыттар салайық. Планшет шығаратын өтірік зауыттар емес, шын жеңіл өнеркәсіпті дамытатын зауыттар. Тері өндіріп, киім тігетін, көкөністі консервілейтін, балықты қақтайтын, сақтайтын зауыттар, ет пен сүт өнімдерін әзірлейтін фабрикалар, айта берсе көп қой. Шынайы жұмыс беретін кешендер керек қой. Жарайды, мына кешенді салдық дейік. Уақытша құрылысына 20 мың адамды тартамыз, олар біраз жыл айлық алады. Кешен ашылады, басында астаналықтар топырлап барады. Суретке түсіп, анда-мында салады. Кейін оның да қызығы кетеді. Ал 1 трлн теңге сол аралықта ақтала ма? Ақталмайды, кепілдік беремін. Есесіне киімді Қытайдан, тамақтың біразын ЕАЭС елдерінен, көкөністі өзбектен, тіпті етті Аргентинадан, Алматыда отырып алманы Польшадан алып отыра береміз. Себебі экономиканы әртараптандыруға бөлуге тиіс ақшаны анда-мында салып жатырмыз.
Қазақстан мың жерден тыраштанса да, әлемдік туристік орталыққа айналмайды. Бұл туризмге қаржы құйылмау керек деген сөз емес, бірақ оны ақылмен жұмсау керек деген сөз. Еуропа мен АҚШ халқы тұмса табиғатты көргісі келеді, міне сол үшін келуі мүмкін. Мынандай ғимараттарды көруге келмейді, өздерінде бұны жүз орайтын кешендері жеткілікті. Бұл шындық! Оданда әсем табиғат орындарына тақтайдай жол сал, жол жиегіндегі дәретханаңды жөнде (ұшынып өледі көрген адам), интернетіңді түзе, сервисіңді қалпына келтір. Міне сонда табиғатымызды көруге келуі мүмкін. Гарантия бермеймін, бірақ келуі мүмкін.
Мысалы Түркістанға 87 млрдқа кешен салдық. Оны алдағы 20, тіпті 30 жылда ақтай алмаймыз. Ал ол уақытта адамзаттың туризмге қатысты көзқарасы өзгеріп кетуі мүмкін. Горящий турмен адамзат Түркістанға емес, Марсқа жолдама іздеп жүрмесіне кім кепіл?) Мынау да сондай кешен ғой.
Біз сияқты экономикасы ішіп алған адамның жүрісіндей қиқалаңдап тұрған елдер үшін мұндай ауқымды жобаларды алуға да, салуға да болмайды. Көрпеге қарап көсілу керек. Тіпті қуатты Канаданың өзі былтыр Кисайд ақылды қаласын салудан бас тартты. Неге? Кризисте ақшаны үнемдеуіміз керек дейді. Сонда Канаданың ақшасы бізден аз ба? Әлбетте олай емес. Шіріген бай, бірақ ол жобаның өзін ақтамайтынын түсініп тұр, біліп тұр, көріп тұр. Сосын ақылға салып тоқтады. Жүздеген млрд доллар қаражаты бар алпауыттар кризисте қаржы үнемдеп жатқанда біз сияқты кедей елдер тіпті әр тиынды үнемдеуі қажет қой.
Құдай біледі мынаны ертең ақтап алады. Осынша турист келеді, мынша адам жұмыспен қамтылады деп. Қағаз жүзінде қандай жобаларды ақтамадық біз. Арабтардың инвестициясы дейді, біpақ олар ақталмайтынын көріп тұрып, қалайша осынша қаржы құя салады. Бір гәп бар-ау)
ПыСы: Салғымыз келсе де, осыны қазір қоя тұрайықшы. Кризис қой. Оданда мынандай тұмса табиғатқа апарар жолдар салайық. Ақылым тасып бара жатқаннан немесе сынағанның жөні осы екен дегеннен жазғаным жоқ, расымен осылай ойлаймын. Мүмкін қателесермін. Келіспеуге құқылысыз.
Пысының пысысы: Айтпақшы Илон Маск тура осы комплекстың құнымен бірдей қаржыға Берлинде Teslaның зауытын салып жатыр. Биыл ашады)


Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6915    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 09:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31