QAZAQSTAN TV ASHYQ ALAN хабары басталғаннан аяғына дейін байланыс телефоны екі-ақ рет көрсетілді. Үнемі байқаймын. Сұрақ қоймасын дегендей, жалт етеді де жоқ болады. Әлгі дауыс беретін конкурстарда сол телефон нөмірлері біткенше тұрады... Мынау оның қасында мемлекеттік проблема ғой, үнемі шығарып қоймай ма? Звандайтын нөмірін жазып алып ем, ары звандап, бері звандап, ала алмадым. Ватсабының нөмірін күтіп ем, ақыры қайтып шықпады...
Ал, айтқым келген нәрсеге көшейін. Студиядағы ішкі істер саласының өкілдері көбіне кінәні жүргізушілерге артты. Қосылуға болады. Бірақ тегіс олай емес. Қазақстанда жол нашар емес, жол жоқ. Мен Алматыда тұрғаныма 25 жыл болды. Демек, 25 жыл ШҚО-на жылда барам, жылда жолдан зардап шегемін. Нұрділдә жолдағы белгілер туралы айтып қалды. Қазақстанда мен білетін "нормальный", жап-жасыл тақтаға жазылған көрсеткіштер, белгілер Алматы мен Қапшағайдың арасында ғана. Яғни Алматы мен Ақсуаттың арасындағысы да осы. Қапшағайдан әрі ел жоқ па, білмеймін? Мың шақырым қашықтықты жүріп өткенде бұдан басқа есі дұрыс көрсеткіш жоқ. Қай жерде келе жатқаныңды ұқпайсың. Қазақстанның кез-келген саласы өзіне шаң жуытпай халыққа аудара салумен айналысқалы 30 жыл болды. Егер ASHYQ ALAN-ға тақырып керек болса, осыны үшке бөліп, үш хабар қылып жасасын. Кеңес үкіметі кезіндегі көрсеткіш тақталар жазуын күн жеген күйі әлі тұр. Бұрынғысы мен бүгінгісі қатар келетін тақталарда километражы әртүрлі. Қайсысына сенеріңді білмейсің. Шетелде мұндай көрсеткіш тақталар ары кеткенде әр бес км сайын, әйтпесе одан жақын аралықта жиі-жиі тұрады. Осы ОТЫЗ ЕЛ, ЕЛУ ЕЛ деп өтірік көт кергенді және халыққа аудара салғанды қашан қоямыз? Одан да осы жол мен жол бойындағы белгілер және көрсеткіш тақталарды шетелге сай қоймайсыңдар ма, ҺҮКІМЕТ?!
Еркін Шүкіман
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 1999 Пікірлер: 0