Коттеджі бар праймеризшіл белсенділер депутат болғанда осы мәселені қолға алса екен
Тарбағатай ауданының көптеген ауылдарында міне дәл осындай әбден тозығы жеткен үйлерде адамдар өмір сүріп жатыр. Басында баспанасы бар деген аты ғана, әйтпесе жер-кепе қорадан еш кем емес. Халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алса "атында үйі бар" деп, тұрғын үй қорынан шығып тұрады. Ал аудан әкімдігі қаладан эксперт шақырып, оның барлық шығынын бюджеттен төлеп, ауылдардағы мына сияқты үйлерді апаттық жағдайда екенін құжат жүзінде дәлелдеп, тұрғын үй қорынан шығарып тастауға еш ниеттері жоқ. Өйткені басы артық баспанасыз отбасының артуы өз бастарына бәле.
Ал мына үйлердің иелерінің қаладан эксперт шақыртып, баспанасын жарамсыз деп танытуға қаражаттары жоқ. (Экспертке шамамен 500 мың теңгедей кетеді)
Ал басында "баспанасы" бар болған себепті бұл жандар тұрғын үй кезегіне тұра алмайды.
Екі қабатты котедж үйлері бар праймеризшіл белсенділер ертең депутат болғанда осы мәселені қолға алса екен.
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан