Тіл - тас жарады...

Мансап ұстаған жігіттер-оу, абай болыңдаршы...

  • Мансап ұстаған жігіттер-оу, абай болыңдаршы...

    Мансап ұстаған жігіттер-оу, абай болыңдаршы...

Кеше аудандық әкімдіктен хабарласып, көп қабатты үйіміздің маңындағы бір мәселе бойынша қалалық әкімдік өкілдері келеді деген соң аулаға шыққам..

Көршілерден гөрі ертерек шығыппын..

Бір кезде мойнына галстук байлаған бір жігіт келді..

Сол қолы қалтада, оң қолын сәлем үшін созып..

- Сіз бе, блогер? - деген сұрағы "Сіз бе бәлеқор?" дегендей шықты..

- Жоқ, мен блогер емес, мынау үйдің тұрғынымын. Салық төлеушімін..

Бір кезде тұрғындар жиналды. Аудандық әкімдік өкілдері де келіп, әңгіме басталды..

Бір сағаттай болған әңгімеден аңғарғаным - мынау шенеуніктің тұрғындарды ғана емес, өзінің аудан деңгейіндегі әріптестерін де менсініңкіремей тұрғаны болды..


Есіме оншақты жыл бұрын болған бір жәйт түсті..

Туысымыздың бірі істі болып адвокат іздедік..

Таңдау бұрын прокуратура саласында қызмет істеген ауылдас-рулас азаматқа түсті..

Ол кісіні бұрын бірер рет көргеніммен, жақын танымайтын едім..

Қойған шартынан ғана емес, астамсып сөйлегенінен "Мынаны жер қалай көтеріп жүр?" деп ойлап отырдым, әңгіме үстінде..

Қысқасы ауылдас-рулас деген адвокаттың қойған шартын біздің қалта көтермей, бауырымды өзім қорғап шыққам...


Таба емес, тоба...

Жер барып айтпасын, көп ұзамай әлгі адвокат аяқ астынан қайтыс болып кетті..

Соны естігенде

- Құдай-ай, анау жаман ой қайдан ғана басыма келе қойды екен?! - деп айдаладағы мен өкіндім..


Мансап ұстаған жігіттер-оу, абай болыңдаршы...


Оның үстіне алдарыңызда тұрған "ұсақ" адамдардың арасында өзіңді зыр жүгіртіп жіберетін "дәулермен" бір баспалдақта тұрып сөйлесуді әдет қылған адамдар болуы мүмкін ғой..

Ондайлар үшін сенің әрекетің тіпті күлкілі көрінетінін ойласаңдаршы...

Қысқасы, аман болыңдар...


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1313    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 12:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31