Кімнің назарына десем болады екен? Кімге айтамыз өкпемізді?
Әжелеріміздің басына тағатын орамалды дөтіне байлап, мазақ қылып тұрған өз қазағымыз.
Қазақтың ою-өрнегі бар жейдені жасы үлкен салиқалы апа әжелер киген. Қазақ ұлтының салт-дәстүрін, ұлттық киімін әр жерге бір тықпалап тряпка қылмай, аяққа таптатпай құрметтеуді үйрететін арнайы заң керек-ау шамасы.
Әлде Салт-дәстүр министрлігін аша саласыздар ма?
Ата-бабамыздың мұра еткен ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүріміз және қазақи әдеп ғұрпымыз ұрпақтан ұрпаққа аманат болу керек.
Аманат партиясының ұйымдастыруымен және қолдауы мен деп, той мәдениетін қазақи дәстүрмен өткізу үшін тамадаларды тәртіпке шақырып, сауатын ашу керек-ау.
Кенже Жанбуршина
Фейсбуктегі парақшасынан