Тіл - тас жарады...

Ол жақта да туған-туысты байыту әдісі жақсы жолға қойылған...

  • Ол жақта да туған-туысты байыту әдісі жақсы жолға қойылған...

    Ол жақта да туған-туысты байыту әдісі жақсы жолға қойылған...

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Түркияны мақтау көбейіп кетті. 2009 жылы 1 доллар 1.3 лира болса, қазір 1 доллар 7 лирадан көп. Кей уақыттары 8 лирадан асып кетеді. 11 жылда лира 5-6 есе құнсызданып кетті. Бұл жақсылықтың белгісі емес. Тұрақты экономикада ұлттық ақша құнсызданбау керек. Әрбір доллардың құнсыздануы халықты кедейшілікке жетелейді. Иә, кей көрсеткіштерден алға шықты, әсіресе, әскери технологияны өндіруде.
Ердоғанның өзіне мен қанша риза болсам да, мұсылман елдеріне тән диктаторлық қасиеттер ол жақта да бар. Туған куйеу баласы неше жыл қаржы министрі болды. Ол жақта да туған-туысты байыту әдісі жақсы жолға қойылған. Мен Түркияда оқысам да, сол жаққа барып жұмыс істегім келмейді. Кейбір қазақи комплекстерім болмағанда, Канадаға кетіп қалар едім. Канада Байрактар шығармаса да, соған мотор шығарады. Гастарбайтер болып жүрген неше түрікті көрсем де, бірде-бір канадалық гастарбайтер көрмедім.
Біздің әнші-пәншілердің Түркиядан пәтер алуы жай дандайсып кеткендік. Ол жақта оларды ешкім тыңдамайды да. Жай теңіздің жағасы, табиғаты жайлы болғаны үшін, той-тұмалақтан тапқан ақшасын шашып қайтады. Барселонға барып тұруға шамалары жетпейді. Меніңше, ең жақсысы халықтың әл ауқатының артуы. Түркия да, Ресей де империялистік амбицияларынан айнып, халқына назар аударса, сол кезде кемел ел болады.

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2965    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 09:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30