Олар – іргелі мемлекеттің іргетасын үңгушілер!

04 қаңтар 2023, 14:04

Тобырлық сана деген – емі жеңілдеу, залалсыздандырылатын мина секілді!

 

Содырлық сана деген – қауіпті, айнала толы атом бомбасы іспетті! 

 

Тобыр да, содыр да басқарылады!

 

Ұқсастығы – екеуі де зомби!

 

Айырмашылығы: тобыр – тақсыршыл, айтқанға көнеді! Содыр – қой терісін жамылған хайуан, тәспіршіл, айтқанға көнбейді!

 

Айналайын өкімет, көзіңді аш! Елді құрдымға жіберем демесең,  осы жағына назар аударшы! Кезінде Өзбекстанды аман алып қалған Ислам Каримов осыны түсінген еді! Сен де түсінерсің өкімет!

 

Қауіпті зомбиларды көргім келмейді. Олар – іргелі мемлекеттің іргетасын үңгушілер!

 

 

 

Дидар Бегалиев

Фейсбуктегі парақшасынан