Тіл - тас жарады...

Осы күннің жастары тілден қалып бара жатқан секілді. Бәрінің тілі "соткасының" тіліне айналған

  • Осы күннің жастары тілден қалып бара жатқан секілді. Бәрінің тілі

    Осы күннің жастары тілден қалып бара жатқан секілді. Бәрінің тілі "соткасының" тіліне айналған

Осы күннің жастары тілден қалып бара жатқан секілді. Бәрінің тілі "соткасының" тіліне айналған. "Жүр", "тұр", "отыр", "статус", "лайк" бір пәле. Өткенде "Сең қозғалды" деген бір-ақ ауыз сөз жазып едім. Студенттер шулап "Сең" деген сөз не деп жамырады. Енді қасымда бір маңғыстаулық жасы отызға келіп қалған жігіт бар еді. Бір қазақша білмейді. "Қазір құлдилаймыз" десем "құлди" деген не, "спуск" "төмен түсу" емес пе, "ылди" деген не "Кір-қоң" десек "қір-қоң" деген не, "мықыны жоқтың ыпыны жоқ" десем "мықын мен ыпын деген не, "қақырау" деген не?

Баяғыда Мәшһүр әулие: "Ақырзаман алдында әр адамның өзінің "терезесі" болады, барлығы бір үйде тұрып әркім өз терезесіне қарап отырады" деп айтқан екен. Сол "терезе" дегені бүгінгінің "соткасы" "ұялы телефоны" болса керек. Әркім өз терезесіне қарап айналасымен тірі жандармен сөйлесуді ұмытады. Қайдағы бір танымайтын адамымен сонша сөйлесіп өз жақынына келгенде ауыз ашпас болады.

Е алғашқы телефондар "ұялы" еді ал қазіргілер "ұятсыз" болып алды ғой. Мұхтарлар "тіл, тіл" дейді. Сонда осы ма қазақ тілі, ана тілі?


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2160    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 13:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31