Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өтірікке мелдектеген қазақ социмуының сиқы болса мынау...

03 ақпан 2021, 10:02

...Жүсіп-Баласағұның «Қыз-келіншектің ләззаты - некелескен түндері, Ер жігіттің ләззаты - жау қайырған күндері» деген өлең жолдарын оқып отырып пұшайман халге түстім.
Сосын, біздің ләззатіміз шынымен-ақ ауысып кеткен екен ғой деген ойға бекідім.
Аңдаған адамға ЕР АЗАМАТ ӨЗІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ЛӘЗЗАТІН ЕЛІНІҢ ҚАМЫН КҮЙТТЕУДЕН АЛАДЫ ЕКЕН ҒОЙ. Сірә (азамат үшін), ұлы ерлік пен ұлы ләззат та осы болса керек-ті. Осыны ойлағанда еріксіз көзтостағың шөпілдеп жасқа толады. Кешегі қаһарлы хан Кене мен Алаш арыстарының бейнесі көз алдыңа тізбектеліп тұра қалады.
Жаратылысы әйел демесеңіз, әйгілі актриса Файна Раневскаяның "37-ШІ ЖЫЛЫ АТЫЛЫП КЕТПЕГЕН СОҢ, ТЕКТІМІН, МЫҚТЫМЫН ДЕП АЙТУДЫҢ ӨЗІ ДЕ БІРТҮРЛІ ЕКЕН" деген сөзі де осы ойымыздың ондығына дөп келетін тәрізді.
ЕЛ мен ЕРДІҢ есімі бір десек, біздің осы романтик болуымыздың сыры не?! Өтірікке мелдектеген қазақ социмуының сиқы болса мынау.
Бір таңданарлығы, саяси корпус ел мүддесіне қарсы үсті-үстіне қабағат қателіктер жасап жатса да, біздің зиялыларымызға оның бес тиын да керегі жоқ.
Оларға Шыңғысханның маңғол, я болмаса қазақ болғандығы қызық. Ал ақындарымызға қарасаңыз бір айықпас «ғашықтық» дертіне шалдыққандай. Таңертең ғана бір ғазалын ине-жіптен шығарса, кеш қарая тағы біреуін тәмамдап, «осы бір қыздың қылығы-ай» деп өліп отырғаны (Ата сақалы ауызына біткендеріміздің арзан сентиментализм мен желдеген жігіт шақтың уақыт белдеуінде қалып қойғандығы өз алдына жеке жүк).
«Татарды тырнасаң орыс шығады» демекші, осылардың «махаббат лирикасы» деп жазып жүргендеріне шын назар қойсаңыз, тек көтен буффонадасы. Дәлірек айтар болсақ, «әтпіштің» әңгімесі ғана. Құмарлық құрсауына түсіп, төңкеріліп қалған тұтас түсінігімізді қайыра тіктеп, МАХАББАТТЫҢ асқақ ұғым екендігін, ол Алла мен адам арасындағы екеуара ғана рухизат сұхбат екендігін сау санаға орнықтыру бірқадар жүк болғалы тұр...


"Ғашықтың тілі-тілсіз тіл..." мақаласынан үзінді...

Ықылас Ожайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан