Тіл - тас жарады...

Ойбай құл боламыз деп шулап жатқанның аузына қорғасын құйдырар едім

  • Ойбай құл боламыз деп шулап жатқанның аузына қорғасын құйдырар едім

    Ойбай құл боламыз деп шулап жатқанның аузына қорғасын құйдырар едім

Қазақтың үлкен ойбайының бірі, қытай келсе бітті бізді құл қылады, біздің шипамыз бітті деп шулау. Бұл тек қытайға ғана қатысты емес. Араб, орыс болсын біз әйтеу солардың астына түсуге рухани жақтан дайын тұратынымыз.
Өмірі аралда ғана жасап үйренген ертедегі жапондықтар алғаш ақ нәсілді адамның аяғы аралға тигенде, өздеріне ұқсамайтын басқаша адамдарды көріп қатты қорққан көрінеді. Қараңғылықтан, білместіктен оларды адам жегіш санап, өздерін жеп қоймасын деп абдырап, берекелері қашып, өз жерлерінде жүрсе де сырттан келген ақ тәнділерден үрейленген екен. Бұл жапонның әлемге жабық кезіндегі халқы мен қауымының көрсеткен эмоциясы еді.
Егер 1840 жылы Қытай от қарулы Ағылшын, Португал, Испан отаршылдарынан ойсырай жеңілмегенде, Жапон сол қалпы ес жимас па еді. Атақты Мэйдзи реформасы жапонның жапон болуына жол ашты.
Бірден батыстық капиталистік өндіріс пен биліктік реформаға көшу, жапонға жаңа заман техникасын меңгеруге орай жаратты. Соны арқасында 1900 жылдары жапоның әлемді жаулаушы елдердің бірі болып шыға келді.
Жә, тарихты қоя тұралық, қазіргі жапон қалай? Дүние жүзілік екінші соғыстан ойсырай жеңілген, алғаш ядролық қарудан соққы алған, қаншама қаласы АҚШ ұшақтарынан қираған, американың біраз жыл отарына айналған ел қалайша қазір дүниенің үшінші экономикасы болып отыр.
Қазір жапонияға кім келсе де, ақ келсе де, қара келсе де, тіпті Марстан басқа планеталық келсе де, олар саспайды да, үрейленбейді. Біз секілді Қытай келіп жатса да, орыс бір аралына таласып жатса да, арттарына қыстырмайды.
Себебі неде? Себебі, ол жапоның еліне келген кез келген адамды өз мәдениетімен, дәстүрімен бас идіріп, өзіне сіңдіре алатынына, ары кетсе кірмелердің өздерінің қалыптасқан өмір салттарына әсер ете алмайтындарына сенімді.
Біздің ойбай-аттанымыз негізі атақты көршіміз орыстан жұққан. Орыстар жерін, елін, қаласын қоғау үшін серпаратист "Тақыр бастар" деген үйымды құрып шықты. Оларды қойып, Мәскеу, Петрбург сынды қалаларындағы жай дүкеншіден тартып, әр ауылындағы мұжықтарына дейін шовенист, іші тар бір пенделер. Бұл өз ойларынша "Азияттар" мен "Африканцылардан" сақтанған түрлері. Шындығында бұл олардың әлсіздігі еді. Орыс өркениетіне сенбейтіндігінің, орыс әдебиеті мен мәдениетінің күні өткенін ырықсыз мойындағандығы еді.
Ал, енді бізге не жоқ? Біздің жаңағы тапталуға жақын тұратындығымыз неден? Ұлтымыз мақтағанда сондай, тектіміз дегенде даусымыз ай емес, күллі галактикаға жетеді. Ал, текті адам анау-мынау жолай өткенен қорқа бермесе керекті. Тектілік тек тәнмен, румен, жермен өлшенбейді. ТЕКТІЛІК РУХПЕН ӨЛШЕНЕДІ. Кімнің рухы ояу, соны тегі мықты.
Бізде әлі сол хайуан секілді, малдарды будандастырып асыл тұқым алған секілді , жеті ата асып қыз алыспасақ болды сол текті екен. Сол жеті ата қыз алыспайтын текті қазақ, жаман қытай топырағын басса, қытай болып, бәдауи араб діні әкелсе, араб болып шыға келеді екен. Сондай текті болса, бұл қазақ неден қорқады соны түсінбеймін. Қолымда құзірет-законым болса, ойбай құл боламыз деп шулап жатқанның аузына қорғасын құйдырар едім. Өзі қорқынышын жеңе алмаған адам, онсызда құлдыққа түсуге дайын деген сөз. Бұл сөзді ол өзі айтып тұрған жоқ, оның жан-дүниесіндегі қорқынышы айтқызып тұр. Ал қазақ сол қорқынышты қашан тастайды, сол шағында Жапондар секілді өмірге емін-еркін көзқарас ұстай бастайды.

Жақсыбек Қақан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1815    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31