Тіл - тас жарады...

Өзі ұмтылған пысықай бәйгеден келеді де, еңбекторылар тасада қала бере ме?

  • Өзі ұмтылған пысықай бәйгеден келеді де, еңбекторылар тасада қала бере ме?

    Өзі ұмтылған пысықай бәйгеден келеді де, еңбекторылар тасада қала бере ме?

Ағаларға атақ-даңқтан гөрі шәкірттерінің жетістігі артық


Алға тартса, көткеншектей түсетін, қайран ағаларым-ай! «Ал!» десе, алмайтын, «ұрла!» десе, ұрламайтын осындай ағаларымды қайтсем екен!? Басқаларды былай қойыңыз, өкіметтің беріп тұрған сыйлығынан бас тартатын тек осындай «есек» мінез («қой мінез» деуші едік, бірақ қойдың алдына серкені салып, жолдан «тайдырып» жіберуге болады. Ал есекті... Айта көрмеңіз! Өйткені бұл мінез мына біз пақырда да бар) ағалар ғой, мың болғыр. Жамандыққа баспайтын, «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ».

Сонау бір жылдары «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Дені саудың – жаны сау» жобасын іске асыру мақсатында оңтүстік облыстарға жол түсті. Сол сапарда бір жайсаң ағамен бір күн бірге болу бақыты бұйырыпты. Өзі – спортшы, өзі – бапкер, өзі – ұйымдастырушы, Олимпиаданың бірнеше дүркін чемпионы шыққан мектептің о бастан басшысы болған. Әлі күнге спорт мектебінің директоры. Бірақ қазір басқа мектепте. Өзі көп сөйлемейді, тыңдауы басым, өзі туралы әңгімеден аулақ.

Ептеп өзгелерден сыр тартып көрдім. Қырық жылға жуық спорт төңірегінде. Ұстаз. Ол тәрбиелеген талай маман талай талантты жасты тәрбиелеп шығарған. Әлі де тәрбиелеп жатыр. Соның бәрінде де осы кісінің үлесі басым дейді. Бірақ атақ-даңқтан ада, «темір-терсектен» таза. «Бірде өзінің қолында тәрбиеленген бір бапкер «Ағеке, сіз мына атақты алып алмайсыз ба?» дейтін көрінеді. «Оны қайтем?» деген бұған: «Еңбегіңіз сіңді ғой» демей ме. Оны сынап көру мақсатында: «Ол үшін не істеуге тиіспін?» демей ме. «Не істегені қалай? Өзіңіз туралы, спортқа тигізген пайдаңыз туралы жазып тапсырыңыз» дейді әлгі. «Сен ше?» десе, «Ой мен оны әлдеқашан алып қойғанмын. Бәрі алды. Сіз де алсын дегенім ғой» деп қарап тұр дейді. «Сендер алсаңдар, менің алғаным, ұстаздан шәкірт озған кез емес пе?» деп құтылыпты. Атақтан да, шатақтан да. Міне, менің тұстастарым, ағаларым осындай. Атақ-мансаптан өз абыройын артық, өзгенің өскенін жақсы көреді.

Қазір істеген ісінен, атақ-лауазымы көп азаматтар жетіп-артылады. Атағы болмаса, абыройы асқақтамайтындай. Той-томалақтарда да келсін-келмесін сөз сондайларға беріледі. Еңбекті атақпен шатастыратындар көбейді. Ал менің ағаларым әлгіндей.

Бізде бәйге көп. Бірақ бәйгеге өзіңді өзің ұсынуға тиіссің. Жөн бойынша үміткерді ұйымдастырушының өзі іріктеп алмай ма? Журналистер мен жазушыларды жазғанына, суретшілерді салған суретіне, әншілерді айтқан әндеріне, ал спортшылар мен бапкерлерді жеткен жетістіктеріне қарап жүріп бағалайтын арнайы органдар, қазылар бар емес пе? Әлде өзі ұмтылған пысықай бәйгеден келеді де, өмір бойы жарыстың қақ ортасында жүрген еңбекторылар тасада қала бере ме?

Қызық бізде. Бізде бәрі де қызық!


Дүрәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1685    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30