Тіл - тас жарады...

Өздерің сорлы ғып көрсетесіңдер де, "қазақ тілінде болашақ жоқ" дегізесіңдер.

  • Өздерің сорлы ғып көрсетесіңдер де,

    Өздерің сорлы ғып көрсетесіңдер де, "қазақ тілінде болашақ жоқ" дегізесіңдер.

 НЕ ДОЕЗЖАЯ - жетпей жер...

Қазақ тілі қазақ журналистеріне ғана керек дейін десең, артыңда қормалы жұрт бар... Топырақ шашқың келмейді. Бірақ теледидарды қосып қалсаң, бәрі шоу - қай арнадан да Қабатовтың командасы шыға келіп, "прикинь", "так же", "прикол", "представляешь" деп шүлдірлеп тұрады... Қазақ тілінде жаргон сөз, қызық тіркес, ойлы орам жоқ секілді құдды... Мектеп барсаң, кеше ғана ауылда сенімен бірге өскен қыз перзентіне орысша шүлдірлеп тұрады. Кімге ренжисің сосын... Табанының бүрі жоқ, бақыт басқада деп білетін сорлы жұртпыз ба әлде...

Радиоларды ауыстырып тыңдайтын әдетім бар. Екі аптадан бері "Авторадионы" қосып жүрмін. Таңертең Алматы көшелеріндегі жағдайды айтатын қыз жүйкені жұқартып бітті. Таңғы 7-ден кейін Алматыда кептелексіз көше жоқ. Әлгі қыз: "Күдерин көшесімен оңтүстік бағытқа, Райымбек даңғылына ЖЕТПЕЙ ЖЕРДЕН жол қозғалысы қиындаған", – деуден танбайды. "Не доезжая Райымбека" дегенді "жетпей жерден" деп ала салған. Қазақ тілінде бұрын-соңды болмаған, болуы да мүмкін емес заңдылық. Бұлар болдырады, сіңіреді осылай. Тілге жаны ашитын үлкенірек біреуден сұраса, "Райымбек даңғылының тұсында", "Райымбек даңғылының алдында", "Райымбек даңғылына таяу тұста" деп есі дұрыс кеңес берер еді ғой. Арғы жағындағы "жол қозғалысы қиындаған" дегені де калька тіркес екенін айтпай-ақ қояйық, мүлде шоршып түсер. "Райымбек даңғылына жетпей жерден кептеліс орын алып тұр" деп одан әрі быламық жасайтын болар...

Өздерің сорлы ғып көрсетесіңдер де, "қазақ тілінде болашақ жоқ" дегізесіңдер. Жан-жақтарыңа қарасаңдаршы, жазғандар-ау... Авторадио Казахстан




Көрілген: 1851    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 18:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30