Тіл - тас жарады...

Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?

  • Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?

    Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?

ЕНДІ ШЕН ТАҒЫП, ШЕКПЕН КИГЕНДЕРІ ЖЕТПЕЙ ТҰР ЕДІ...


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің үстеріне оқалы шекпен кигізіп, иықтарына шен тағып, жалақыларын көбейту керек (?) деп ақылгөйсіпті.
Құлақ жауыр болған әңгіме. Кезінде жол полициясы қызметкерлерінің айлығын көбейтсек, жемқорлығын қояды, "өздеріне ұсынған ақшаны көрсе жүректері айнитын болады" деген де "реформа" болған. Бірақ одан жол полицияларының арандары ашыла түспесе, тиылған жоқ. Ал басшылары жемге тойған қораздай мүлде жүре алмай қалды.
Сондықтан салық қызметкерлерінің үстеріне мундир кигізіп, иықтарына зерлі погон тағып, айлығын бәленбай есе көбейтсек, пара алмайды-мыс деген бекер сөз.
Министр мырза, сенбесеңіз, облыстық, қалалық, аудандық кіріс департаменттерінің басшыларының қабылдауына басқа адам боп барып көріңізші, ырғалып жүріп, ыңыранып сөйлеп, сәлеміңізді зорға алмаса маған келіңіз.
Қайта арнайы органдар олардың қаншама қаржыны уқит-суқит қып, қалай "асайтынын" тексеріп, әшкерелеуі керек.
Департамент сыртындағы ақылы қызмет көрсететін "дүңгіршектеріне" түсіп жатқан теңгелердің санын да білген абзал. Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?
Министр, шырылдайтын мәселе, міне, осы!
Ал жақсылық жасасаң, айналайын Үкімет, салық жинаушыға емес, алдымен салық төлеушіге жаса!

Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3825    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31