Тіл - тас жарады...

Шетелге кетпей қалғаныңыз үшін өзіңізді жазықты сезінбеңіз

  • Шетелге кетпей қалғаныңыз үшін өзіңізді жазықты сезінбеңіз

    Шетелге кетпей қалғаныңыз үшін өзіңізді жазықты сезінбеңіз

"Айдалада батпан құйрық, ол неғылған жатқан құйрық?!". Шынымды айтсам, шетелге кетуге қатысты менің көзқарасым осындай. Әрине, егер белгілі бір мақсатыңыз болса, білім жолын қуғыңыз келсе, бір жөн. Алайда "елдің бәрі кетіп жатыр ғой" деп өзіңді қор сезініп, "солардан қалмау керек" деп қосақ арасына ілесу - меніңше, барып тұрған көзсіздік.
Себебі шетелге кетіп, шекесі шылқып жүргендер шамалы ғана. Нам только кажется, что "біз жоқ жерде адамдардың бәрі бақытты". Сырт көзге бақытты адамның рөлін сомдайтындар өте көп себебі. Теңіздің жағасында күліп суретке түскен адамның бәрі керемет өмір кешіп жатқан жоқ. Керісінше, ондайлардың көбі "бөрі арықтығын білдірмес, сыртқы жүрін қомпайтса да" дегеннің нақ өзі. Әрине, нақты бір мақсат жолында кеткендерге әңгіме жоқ. Олар өзін-өзі іздеп жүргендер. Білім іздеп кеткендер. Әйтсе де, шекара асып кеткендердің ішінде керісінше өзін қоярға жер таппай қашып кеткендер де жетеді. Бір қызығы, олар қайда барса да, өзінен қашып құтыла алмайтынын содан соң ғана түсінеді. Мәселеден адам қай кезде де қашып құтыла алмайды, тек шешіп қана құтылмаса. Өйткені ол сенің ішіңде ғой. Ол - бір.
Екіншіден, күні кеше қазақтың тағы бір қызы шетелде жүріп көз жұмды. Қандықол қарақшылардың қолынан. Тағы бір!!! Яғни, осыған дейін біздің білетініміз бар, білмейтініміз бар, қаншама қазақ қыздары жұмбақ өлімге тап болды. Әрине, олардың ешқайсысы да "өлемін" деп кеткен жоқ. Бірақ ажалы сол жақта кездесті. Өрімдей қызының шетте жүріп көз жұмуы ата-ана үшін қандай қасірет?!..((( Сондықтан қауіпсіздік деген жағы тағы бар. Сол аналардың қай-қайсысында болсын, "қызым көз алдымда жүргенде, бәлкім тірі болар ма еді" деген ой болмады дейсіз бе...
Үшіншіден, тағы да айтам, шетелге барып, қайтадан білім алмасақ, біздің мұнда алған біліміміз онда түкке алғысыз болып қалады. Яғни, бәріміз қара жұмысшы болып қаламыз. Егер "мейлі, есектің артын жусам да, мал тапсам болды" дегенге дайын болсақ қана, сондай жанкешті мақсат болса ғана екі қолға шабаданды алып, алды-артыңа қарамай кетуге болады. Бірақ ойлаймын, елден соншалықты екі қолын төбесіне қойып безіп кететіндей бүгінгі жастарға не көрінді деп? Тумай жатып, "шетелге кетем" дейді қазір кімнен сұрасаң да. "Ол жақта не істейсің?" десең, "не істесем де, елден кетсем болды" деген сыңайды жауап қайтарады. Патриотизм дегенге мысқылдап қарап, оны "нұрбот" деп кекететін жастардан, шын айтайын өз басым қатты қорқам. Осының бәрі, меніңше, әлеуметтік желі, әсіресе инстаның кесірі сияқты. Яғни, әлемді әлеуметтік желі билеп тұр. Тіпті әке-шеше емес, әлеуметтік желі! "Мына жақ керемет, келіңдер" деген жарнама онсызда желкілдеп тұрған жас буынды одан сайын желіктіріп. Вот сол азаматтардан өтінем, өзің кеттің бе, айналайын тыныш отыршы. Мұндағы елдің дегбірін қашырып, делебесін қоздырмрай. Елде де өмір бар. Кетпегеннің бәрі лох емес. Кету - мақсат емес. Мақсат - өзіңді дамыту, еліңді, жеріңді дамыту болса, бір басқа. Сол үшін уақытша оқып, бір нәрсе үйреніп келу болса, басқа. Ал ерігіп кетіп, ол жақтан ерігіп селфи жасап, видео жолдап, қалғандардың құйысқанын көтермей, жайларыңызға жүріңіздерші деп айтқым келеді.
Ал өз басым, шетелге қыдырғым келеді, әлемді шарлағым келеді. Бірақ менде Отан - біреу ғана. Ол - Қазақстан! Мен ешқашан оны тастап кетпеймін!
Сондықтан "шетелге кетпей қалғаныңыз" үшін өзіңізді жазықты сезінбеңіз Сіз де. А то көп адамдардан ести бастадым осы сөзді, "неғып жүрсің кетпей, не қалды бұл елде?" дегенді...




Көрілген: 9413    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30