Сонда бұл әліпби "Жаңа қазақ" үшін жаңартылып түрленген бе?!
"Сөйлейін деп, сөйлеймін бе, Мәкүл! Сөйлетесің ғой, Мәкүл!" деген екен ертеде ауыл қазағының бір қариясы бәйбішесіне кейігенде. Сол сықылды жылдар бойы "жыр" болған ЛАТЫНТАҢБАЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІнің талқылауынан шет қалу ахметтанушы ретінде арыма сын болғандықтан, пікір білдіргенді жөн көрдім.
Біріншіден, бұл әліпбиді тілші-ғалымдардың барлығы бірауыздан қолдайтыны күмәнді. Себебі, бұл санаулы топтың ғана КӨПтің талқысына салмастан, жоғарының нұсқауымен істеп отырғаны екені қазақ қоғамына аян.
Екіншіден, ӘЛІБ-БІЙдің жүйеленуі былай тұрсын, атауының өзі өрескел! "ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ" деген аталым мағынасына мән беріңіздерші. Сонда бұл әліпби "Жаңа қазақ" үшін жаңартылып түрленген бе?! Әлде "Қазақтың жаңа әліпбиі ме?!" Үшіншіден, ӘЛІБ-БІЙ тізбегін жасағанда "кирилше", "латынша" деп, айдарлағанына қарағанда, ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ДЫБЫСТАРЫНА тән емес таңбалар жүйесінен "зорлықпен" ҚАЗАҚ ӘРПІН жасай алмасымыз анық екендігі, "мен мұндалап" тұр ғой! Мұны аңғару үшін "ғылыми атақтың" болуы шарт емес-ау, қарапайым қазақы һәм ұлттық болмысыңызбен сезінуге болады.
Әлбетте, ұлт тілін сақтағысы келетін, өркениеттің тіліне жұтылғысы келмейтін, жаны һәм қаны қазақ баласы болсаңыз ғана!
Сөзімнің түйіні, ХХ ғасыр басында Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы Мұхтар Әуезовше айтқанда "Ақаң түрлеген АНА ТІЛІ" бүгінгі ұрпаққа НЕГЕ жақпай қалды екен?!
Және 1988 жылы Алаш Арыстары ақталғанда "ақ түйенің қарны жарылғандай" қуанып, ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНА Ахмет Байтұрсынұлының есімін бергізген-ді. Ендігіміз не?!
Райхан Имаханбет
Фейсбуктегі парақшасынан