Сенi iздеймiн

Алматы облысында латын әліпбиіне көшуді талқылаған келелі жиын өтті

  • Алматы облысында латын әліпбиіне көшуді талқылаған келелі жиын өтті

    Алматы облысында латын әліпбиіне көшуді талқылаған келелі жиын өтті

Латын әліпбиіне өту ана тілміздің дамып, мынау жаһандау дәуірінде аяғын нық басып қолданыс аясының кеңейе түсуіне жол ашары сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыздың «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», — деген сөздері осы бағытағы атқарылар жұмыстардың алтын қазығына айналуы тиіс.

Сонымен қатар тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да тіліміздің дамуына зор серпін беріп жатқаны анық. Осы бағдарламадағы Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру деп көрсетілуі, тіл дамытудағы жасалар нақты қадамды айқындап тұр. Сонымен бірге, аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді. Сондықтан дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады. Қазақ тілінің халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделіп отыр.

Осы бағытта облыстарда атқарылатын жұмыстардың да алар орыны, атқарар жұмысы, арқалар жүгі жетерлік. Еліміздің болашағына алаңдайтын әрбір адам, зиялы қауым өкілдері болсын, әртүрлі мамандық иелері болсын латын әліпбиіне көшуге құлшыныспен кірісіп, өздерін дайындап жатқаны анық. Еліміздегі барлық өңірде осы бағытта түрлі талқылаулар мен жиындар өтіп жатқаны соның айғағындай.

Президентіміздің әліпбиімізді латын графикасына көшіру тапсырмасына орай, Алматы облысында да нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай игі іске тіл мамандары ғана емес әр түрлі саладағы мекемелерде үн қосуда. Облыс орталығында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы бірлесе отырып ұйымдастырған «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты семинар жасалып жатқан жұмыстардың бірі деуге болады.

Жиында латын қаріпіне көшу жөніндегі бірқатар мәселелер талқыналанды. Семинарға модераторлық жасаған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз» деп атап өтті жиын барысында. Семинарда сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Еркебұлан Қарақонысов қазақ тілінің латын графикасына ауысуының маңызына жайында әңгіме қозғады. Ал, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Қожакеева «Қазақ тілі емле ережесінің жаңа жобасы» деген тақырыпта баяндама жасап, қатысушыларға алдағы уақытта қазақ тілінің емле ережесінде болатын өзгерістер бірқатар мәліметтерді алға тартты. Соынымен қатар, жиында сөз алған тіл мамандары өз пікірлерін ортаға салып, тақырып аясындағы мәселелер кеңінен қозғалды.

Келелі басқосудан ойға түйгеніміз латын әліпбиіне көшу жұмыстары осындай қарқында еліміздің барлық өңірлерінде жаппай қолға алынып, жүйелі түрде жұмыстар атқарылса көздеген мақсатымызға қол жеткізу жеңілдей түсер еді.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 23:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31