Тілім - тағдырым

Ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйрету жобасы қызу жүріп жатыр

  • Ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйрету жобасы қызу жүріп жатыр

    Ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйрету жобасы қызу жүріп жатыр

Балалардың ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты жағдай жасалып, әртүрлі жобалар іске асып жатыр. Еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар жақсы нәтижелер көрсетіп келе жатқанын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Қазір бірнеше тілде еркін сөйлейтін жастар баршылық. Бірақта осы уақытқа дейін көбінесе қалалық жастар ғана осындай мүмкіндіктерге ие болып келгені жасырын емес. Ауылды жерлердегі балалар тіл үйренуде бірен-саран болмаса көбіне кенжелеп қалып келді. Енді осы олқылықтың орны толатын болды. Қазақтың алтын бесігін ауыл жастары да шет тілдерін біліп шықса, одан еліміз тек қана ұтар еді. Өйткені қала баласының көршілігі ана тілімізге шорқақ екені де жасырын емес. Ал ауылда туып-өскен балалар тілдің уызына жарып, қаймағын қалқып ішкен нағыз қазақ тілді балалар. Осы артықшылық енді көп тіл білуге ұласса мемлекеттің тілдің көсегесін көгертер білікті мамандар болашақта тіліміздің енсесін биіктете түсер еді. Сондықтан ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытатын «English for Jastar» жобасының басталуы өте үлкен қадам. Екі ай мерзімінде пилоттық режимде Қазақстанның 14 аймағында жүзеге асырыламақ.

Бұл «Жас Отан» Жастар қанаты және «Болашақ» Қауымдастығының «English for jastar» жобасы. Жобаға академиялық қолдауды «Interpress» тілдік орталығы көрсетеді. Оқушылар Oxford University Press (Англия) баспасының «Solutions» оқу құралдарымен оқытылады. Сонымен қатар, жобаның іске асуына отандық және халықаралық компаниялар атсалысады. Атап айтсақ олар «AIESEC», «Назарбаев Университеті» «Білім беру көшбасшылар орталығы» ЖШС, «Qazaq Air» АҚ, «Меломан HOME VIDEO» ЖШС, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға бағытталған «4KZTours» америкалық компаниясы, және «LingvaTen» тілдік мектебі – деуге болады.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев: - Елбасы ағылшын тілін жан-жақты үйрену әлемдік деңгейдегі үрдіс екенін атап өтті. Біз және «Bolashaq» qaýymdastyģy жоғары білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде үлес қосуды мақсат тұтамыз. Сондықтан, «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері аясында біз «English for Jastar» жобасын іске қостық», - деп мәлімдеген болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда жобаның мақсаты - Қазақстан аймақтарында ағылшын тілінің білім деңгейін арттыру және ағылшын тілін меңгеруді қол жетімді ету екен. Жоба аясында 84 ауылдық және аймақтық деңгейде 7000 мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретілмек. Тіл үйретуге 28 шетелдік және 140 астам жергілікті мамандар қатысады. Осы топтың ішінде Олимпиада чемпионы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев те бар. 2018 жылдың қыркүйегінен қараша айына дейін 9-11 сынып оқушыларына ағылшын тілін қосымша түрде үйрету жоспарланып отыр.

«Bolashaq» qaýymdastyģy атқарушы директоры Лаура Демесінова: - Жобаның жұмыс тобы шетелдік еріктілерді іріктеумен мұқиятты түрде, аса жауапкершілікпен жете айналысты. Еріктілердің әрқайсысымен видеосұхбат жүргізіліп, олардың денсаулығы жайлы және ешбір криминалдық құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы туралы анықтама және құжаттар жиналды. Сонымен қатар, шетелдік еріктілердің жоғары білімі, балалармен жұмыс істеу және ағылшын тілін үйрету тәжірибесі барын растайтын құжаттар сұратылды», - дейді.

Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі негізгі сабақ жоспарының орындалуына ешқандай да кедергі келтірілмейтіндей, тек қосымша уақытта өткізілмек. Жобаның шетелдік қатысушылары «AIESEC» халықаралық ұйымы мен Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға бағытталған «4KZTours» америкалық компаниясының қолдауымен тартылған. Сондай-ақ , оқыту бағдарламасы «Назарбаев Университеті» «Білім беру көшбасшылығы орталығы» ЖШС сарапшы лингвисттерінің қолдауымен әзірленгенің де айтып өткен жөн. Oxford University Press баспасының «Solutions» оқулықтары «InterPress» тілдік орталығымен қамтамасыз етілген. Жобаның шетелдік қатысушыларының ішкі әуе тасымалдарын «Qazaq Air» АҚ қамтамасыз етпекші. Қазақ және орыс тілдеріндегі субтитрлері бар ағылшын тіліндегі сапалы бейне-материалдарды «Meloman HOME VIDEO» ЖШС ұсынып отыр.

Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы шет тілдері. Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр. Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар - Шет мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізу, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде көрсету көзделеді деп тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылған болатын. Осы бағыт шеңберінде үштілді білім беру идеясын насихаттауға және ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс көзделген. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарындағы үштілді білім беру және тәрбиелеу қызметіне арналған әдістемелік материалдарды әзірлеу және шығару да жоспарланған. Нысаналы топтарда үштілді білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық стратегияны іске асыру шеңберінде көрсетілген бағытты кеңінен жария ету де көзделгені белгілі. Ал «English for jastar» жобасы осы бағдарламаның іске асуының нақты бір қадам мен тетігіндей көрінді. Ендеше жақсы бастамаға сәттілік тілеп жоғары нәтиже көрсетуін күтеміз.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 953    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31