Тілім - тағдырым

Бір деректен туған заманауи формула!

  • Бір деректен туған заманауи формула!

    Бір деректен туған заманауи формула!

 


Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты қоғамда әңгіме көп. Ол заңдылық. Мемлекеттік тілдің аты айтып тұрғандай мәртебеде болуын әрбір қазақ баласы армандайды. Рас, тарихқа өкпе жүрмейді. Қазақ баласының өз жерінде азшылыққа айналуы, ұлт тілінің құрдымға кету алдында болғаны, тарихтың қойнауында кетіп бара жатқан шындық. Бірақ, бәрін оған сілтей беруге бола ма? Қазір, қазақ баласы өсіп жетіліп келеді. Республика халқының 70 пайыздан астамы өзін қазақ баласымыз деп біледі. Енді, кешегі тарихқа өкпе айтып, тіл мәселесіндегі қиындықтарды соған сілтей беру керек пе? Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануға кедергі көп пе қазір? Әлде, әлі де болса қазақ баласының қанына біткен енжарлық кінәлі ме осыған? Халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, елдің айнасы, құлағы мен көзі, хәм тілі болуға тиіс қазақ баспасөзін алайықшы. Оның ішінде бүгінгі зымыран уақыттың кемесіне мініп үлгерген электронды БАҚ өкілдарын сарапқа салайық. Бір ғана өтіп кеткен 2016 жылы электронды БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесі 12,7 пайызға артып, 84 пайызды құрапты. Ал, бұрын үстем болып келген орыс тілді контенттің үлесі 10,8 пайызға азайған. Бұл қазақ тілді БАҚ-тың өте жылдам өсіп келе жатқанын, республика жұртшылығының басым көпшілігі ақпарат дүниесінде қазақ тіліне сүйенетінін көрсетеді. Ендігі мәселе, көз жасын көлдетіп зар илей бермей осы тенденцияны тереңдете беруде емес пе? Еліміздегі қазақ саны өскен сайын бұл үдеріс те тоқталмақ емес. Тек осыны нақты сезініп, электронды БАҚ-ты ұлттық инженерлік, ұлттық конструкторлық, ұлттық медициналық, ұлттық аграрлық, ұлттық ғарыштық ойлармен, тұжырымдармен, ұстанымдармен толықтыруда емес пе? Осындай салалық, ғылыми, әскери, спорттық порталдар мен сайттарды үсті-үстіне ашу керек. Былтыр ғана Астанада ЭКСПО көрмесі болып өтті. Соны пайдаланып, қазақ ғылымының табиғи энергия көздеріне байланысты ізденісін, жетістігін насихаттай алдық па? Бір-екілі басылым болмаса қазақ ақпарат құралдарының көпшілігі «қазақ инженериясы не алып қосарың бар?» деп ұран тастай алмады. Сөйтіп, заманауи инженерияның дамуын ұлттық идеяға айналдырып жіберетін мүмкіндікті өткізіп алдық. Әлі де кеш емес.



Электронды БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің 84 пайызға жетуі де бізге үлкен мүмкіндік. Бұл бізді ғарышқа шығарумен бірдей. Бұған барлық мүмкіндік бар ғой қазір. Қараңыз, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 10 міндет бар. Соның 7 бабы, атап айтар болсақ:

1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;

2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;

5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

7) тіл мәдениетін жетілдіру;

баптары түлегімен БАҚ-қа байланысты екені анық. Ал сол міндеттерді нақтылайтын болсақ, олар да аталмыш бағдарламада жіліктеп тұрып көрсетілген. Одан да үзінділер алайық:

-Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

« - Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу арқылы айрықша мүмкіндіктер ашылады.

-Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контентті кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.

-Сондай-ақ қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету де маңызды аспект болып саналады».

Міне, мақсат айқын, оны шешу жолдары да нақты көрсетілген. Тіпті, осы бағдарламада осы жұмыстарды қаржыландыру көздері де жазылған. Яғни, мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тек дұрыс ұйымдастыру ғана керек екен. Бұл жалаң сөз емес, ұран емес. Бұл біздің қолымызда бар мүмкіндік. Өкінішке орай, осы мүмкіндікті пайдаланудың заманға сай ізденістері аз ба деймін. Оны игере алмай отырған өзіміз бе деймін? Қазақ тілді контенттің 84 пайызға жетуі, бірақ оны үлкен артықшылыққа айналдыра алмай отырғанымызды басқаша қалай бағалауға болады? Бұл қоғамда заманауи жұмысқа, формаға, БАҚ-қа, менеджментке, мамандарға сұраныс бар екенін көрсетеді. Енді сол сұранысқа-ұсыныс формуласымен жұмыс істейтін уақыт туды. Ерте туса да кеш қалмаудың қазіргі басты жолы осы екені анық.


С. Ақынжанов




Көрілген: 5606    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 07:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30