Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық дзюдошы өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап беріп, елді таңдандырды

08 тамыз 2022, 16:50

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап беріп, жұртщшылықты тәнтті етті. Спортшының журналисттерге беріп жатқан сұхбатынан үзінді желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда журналист орыс тілінде спортшыға кішігірім жарақаты ойынға кедергі келтірді ме деген сауал қойған. Спортшы еш кедергі болмағанын, бұндай жарақаттарға үйреніп қалғанын айтып, толықтай қазақша жауап берген.

Журналист қойған екі сауалға да толықтай ана тілінде жауап берген спортшы көпшілікті сүйсіндірді.

"Олар сұрақтарға қазақ тілінде ғана жауап береді. Осылайша дзюдошылар мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Әлемдік аламандарда топ жарып қана қоймай, тілге деген өз үлестерін қосып жүр. Сұхбаттарын қазақша береді. Сол себепті басқалар амал жоқ аударып алуға мәжбүр" , - деп жазды журналист Аслан Қаженов өзінің Facebooк парақшасында.