Сенi iздеймiн

Мемлекеттік тіл – ел бірлігің факторы

  • Мемлекеттік тіл – ел бірлігің факторы

    Мемлекеттік тіл – ел бірлігің факторы

Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге тиіс. Бұл еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне де қатысты талап. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» деп нақты атап көрсетілген. Бұл мемлекеттік талап та ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Өзін өркениеттімін деп санайтын әрбір адам туған елі мен өскен өлкесінің тарихы мен мәдениетін, жергілікті ұлттың тілін білгені жөн. Бұл оның өзге ұлитқа деген құрметін оятып, сыйластығын арттырады.
Фактор – қозғаушы күн деген ұғым береді. Мемлекеттік тіл ел бірлігінің факторы екеніне сөз жоқ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген болатын. Бұл мемлекетік тілдің ел өміріндегі орнын көрсету және осы жұмыстарға бағыт сілтеу деп білген дұрыс болар. Рас, біз тіл мәселесін ушықтырмай, байыпты саясат негізінде ақырындап алып келе жатырмыз. Және оның қателік емес екеніне кәдімгідей көз жеткізіп үлгердік.
Ұлтаралық татулық қазақ елінің басты мұраттарының бірі. Біздің елдегі өзге ұлттың әрбір азаматы тіл мәселесінде ешқандай қысым сезінбеуге тиіс. Өйткені, тіл бар жерде ғана ұлт бар. Өзге ұлт өкілі дейтін болсақ, оның ар жағында өзге тілдің бар екенін ұғуымыз керек. Онсыз ол басқа ұлттың өкілі болып табылмайды. Сонымен қатар, өзге ұлттың өкілі осы елдің мемлекеттік тілін меңгеруге күш салуы да керек. Республика Президенті 2005 жылғы халыққа Жолдауында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» – деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекеттік тіл ұлттарды бөлудің емес, біріктірудің құралына айналуы керек екен. Мемлекеттік тілді білмей тұрып, осы елдің толыққанды азаматымын деу мүмкін емес дүние. Өйткені, онда таным мен түсінік, пайым мен парасат басқа болады. Бірлікке сына қағу да қиын болмайды онда.
Енді мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне келейік. Бұл да бүкілхалықтық іс. Үлкен-кіші, жас-кәрі түгелдей кіріспейінше мемлекеттік тілді меңгеру және дамыту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында: «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі, біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін бәрін де жасап жатырмыз» – деп атап көрсеткен болатын. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасына арқау болған ұстаным нақ осы, осы нұсқау.
Ашығын айтар болсақ, мемлекеттік тілді қолдану аясы күн санап кеңейіп келеді. Осыдан он, жиырма жылғы жағдаймен тіпті салыстыруға келмейді. Қазір көптеген салада тілді еркін қолданатын болдық. Және ол тереңдеп келеді. Осылай сатылап дамыта берсек, мемлекеттік тіл барлық салаға дендеп еніп, ел өміріндегі лайықты орнын алады деп ойлаймыз. Мысалға Батыс Қазақстан облысын алайық. Орталықтан қашық, еліміздің ең шалғай аймағы.
Қазір осы Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді дамытуға байланысты ауқымды іс-шаралар қолға алынған. Соның арқасында мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар саны күн санап өсіп келеді. Бұндай жүйелі жұмыс жүргізуге мемлекеттік тілді оқып-үйренудің тегін курстары жақсы серпін беріп отыр. Ол жердегі оқу базасының материалдық-техникалық жағдайы жақсы. Барлық мүмкіндік туғызылған. Онда нәтиже де көп күттірмесі анық. Іс-шаралар жоспарында мемлекеттік тілді меңгергендерді ынталандыру, жан-жақты қолдау көрсету де бар.
Ынталандыру шаралары да жыл сайынға дәстүрге айналып келеді. Мысалға «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауын алайық. Өткен жылғы байқау Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында ұйымдастырылды. Оған облыс аудандары мен қала бойынша 18 үміткер қатысты. Әрине, сын болған соң оңай ештеңе жоқ. Қатысушылар кәдімгідей тартысқа түсті. Олар алдымен өзін-өзі ауызша таныстырудан бастады. Одан кейін өнерлерін ортаға салды. Тіпті жазбаша тапсырма да болды. Ол жерде қатысушылар өздерінің қазақша сауаттылығын көрсетуге тиіс еді. Бас жүлде Бөкейордасы ауданы, Жәңгірхан орта мектебінің оқытушысы Нысанбек Шарафутдиновқа бұйырды. Ал бірінші орынды Зеленов ауданы, Чеботарев мектебінің түлегі Маргарита Лагун жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Теректі ауданы Подстепной мектебінің мұғалімі Рано Оразымбетова мен Орал қаласындағы «Сказка» балабақшасының ұстазы Надежда Самойлюктер бөлісті. Міне, осындай байқаудан кейін «Өз тілім тірлігім үшін, мемлекеттік тіл – бірлігім үшін» тәмсілінің қажеттігін және өміршеңдігін терең ұғына түскендей боласың.
Республика Президенті: «…Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін мемлекеттік тілді үйрену керек» – деп айтқаны бар еді. Расында да, ең алдымен ұмтылыс керек екен. Ұмтылыс болған жерде материалдық-техникалық базаны жасауға да болады. Ең бастысы, тілдің коммуникативтік ролін түсінуге тиіспіз. Адам мен адамды, ел мен елді, тұлға мен мемлекетті бір-біріне жалғайтын осы тіл. Оның коммуникативтік ролін солай түсінгеніміз абзал. Тіл-құрал. Коммуникация дегеніміз байланыс. Яғни, тілдің байланыс құралы ретіндегі міндеті де, қызметі де осында. Оны тек ұтымды қолдану керек. Сонда мемлекеттің де іргесі нығайып, ел бірлігі арта беретін болады.

С. Ақынжанов.



Көрілген: 3587    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 01:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31