Өзге ұлт өкілдерінің балалары лагерде қазақ тілін үйренді

Өзге ұлт өкілдерінің балалары лагерде қазақ тілін үйренді

Бірлік пен тұтастық еліміздің басты құндылығы. Бірлік бар жерде береке бар, тірлік бар. Елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір кешіп жатқаны осы бірліктің арқасы. Ал еліміздегі барлық ұлтты өзара түсіністікке, ауызбірлікке ұйытатын ортақ тіл, яғни мемлекттік тіл екені белгілі. Сондықтан түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге деген ынтасы зор. Ол еліміздің болашағына, туған жерге, Отанға деген құрметтің алтын бастауы. Сондықтан бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан өзге ұлт өкілдері елге, жерге деген сүйіспеншілігін мемлекеттік тілге, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметімен, көзқарасымен білдіріп келеді.
Ал, елімізде мекендеген басқа ұлт өкілдерінің ана тілдерінде білім алып, салт-дәсүрлерін берік ұстанып бейбіт те берекелі өмір сүруіне мемлекетіміз барлық жағдайды жасап, Қазақстан халықтарының барлық әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қамтасыз етіп келеді. Мемлектеміздің осындай сындарлы саясатының арқасында көп ұлтты Қазақстан ынтымақ пен достықтың, татулық пен бірліктің алтын бесігі іспеттес.
Барлық салада ескерілген қажеттіліктер тіл мәселесінде де оңтайлы шешілген. Оның басты белгісі ретінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Аталмыш бағдарламады «Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарына - Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курстарды ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік әдістерін қолдану көзделеді» – деп көрсетілген.
Сонымен қатар, Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында «Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады. Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады. Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жоспарланады», - деп тіл мәселесі барлық жағынан қамтылып, нақты айтылған. Ал осы бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар арқылы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.
Биыл да Шығыс Қазақстан облысында өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйреніп, сонымен қатар мемлекеттік тілді де оқып жүрген жексенбілік мектеп тыңдаушыларын ынталандыру үшін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы арнайы жолдамамен он өзге ұлт өкілдерінің балаларының жазғы демалыстарын тіл лагерінде өткізуіне мүмкіндік жасады. Олар лагерде уақыттарын мәнді де мағыналы, тиімді пайдаланып, жадыраған жаздың шуақты күндерін көңілді өткізді.
Бұл жеткіншектер 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін оқуда үздік нәтиже көрсеткен Өскемен және Зырян қалаларындағы жексенбілік мектептердің балалары. Олар 24 маусым мен 1 шілденің аралығында «Көгілдір бұғаз» демалыс базасындағы «Балақай» лагерінде болды. Демалыс орыны жанынан ұйымдастырылған Тіл лагерінде олар демалыстарын мемлекеттік тілді үйренуге арнады.
Ол жерде оқушыларға мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бірнеше тақырыптық бағыттар бойынша жүргізілді. Мемлекеттік тілді оқыту сабағын облыстық лингвистикалық орталықтың оқытушысы Г. Құрманғалиева өткізді. Он сағатқа жоспарланған қазақ тілін оқыту курсында қазақ тілін оқытудың коммуникациялық, диалогтық, жағдаяттық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Тіл үйрену сабағы қазақ тілінде өздерін таныстырудан басталды. Одан кейін тіл меңгеруді оңтайландыру үшін ары қарай кезек-кезегімен оқытушы дамытушылық, сергіту ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын тудырып, курс сабақтарын өте тиімді әдістермен өткізді. Балалар сурет салып, ән айту, өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізуді үйрену сияқты әдіс-тәсілдерді өте қызығушылықпен қабылдады. Сонымен бірге ертегілер үзіндісінен қойылым жасады. Міне осындай тиімді, қызықты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар тілді біршама меңгеріп алды. Оларға тілді тез үйреніп шығу үшін үйлерінде қандай жолмен дайындалуға болатыны да түсіндірілді. Жас өскіндер лагердегі әрбір күндерін үлкен қуанышпен, шат көңілмен өткізді. Бұндай жақсы демалысты ұйымдастырушыларға ата-аналарда өз алғыстарын білдірді.
Бұндай игі шаралардың барлығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Өйткені бағдарламада мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке тарату жөніндегі жұмысқа бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік немесе жеке меншік серіктестік әдістерін тарту көзделеген.
Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшілікке тарату аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі екенін айта кеткен жөн. Бұл мәселеде мемлекеттік тілде сөйлейтіндерді, оның ішінде ұлты қазақ емес көпшілікке белгілі отбасыларды және шетел диаспорасы өкілдерін PR-жұмысқа тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшілікке тарату бойынша ауқымды науқан ұйымдастыру жағы да бағдарламада баса айтылған. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру жолында барлық тиімді мүкіндіктерді жіті пайдаланған жөн.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста