Сенi iздеймiн

Сот өндірісіндегі тіл мәселесі өзекті болып отыр

  • Сот өндірісіндегі тіл мәселесі өзекті болып отыр

    Сот өндірісіндегі тіл мәселесі өзекті болып отыр

Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білу арқылы еліміздегі ұлтаралық бірлікті, татулықты нығайта түсетіндегі баршаға мәлім. Кез келген ұлттың не ұлыстың өзін өзгелерден ерекшелеп тұратын басты белгісі- тіл. Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту- Елбасының тікелей тапсырмасы, бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Тіл мәселесі маңызды мәселелердің біріне айналды. Бүгінгі күні бізден, яғни мемлекеттік қызмет саласында жүрген қызметшілерден ҚР Тілдер туралы Заңының орындалуын талап етеді. Мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін көтеруге, мемлекеттік тілдің басқару,сот тілі,яғни билік тілі ретінде маңызын бұрынғыдан да арттыра түсуге, іс жүргізуде қолданылуын қамтамасыз етуге Шортанды аудандық сот ұжымы өз үлесін қосуда. Сотқа шағым, арыздар және істер қай тілде келіп түссе, сол тілде қаралады. Егерде сот тараптары екі ұлт өкілі болса, сот мәжілісіне аудармашы қатысады. Шортанды аудандық сотында іс жүргізу өндірісі , шығыс құжаттары қазақ тілінде бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі бағдарламасына электронды түрде тіркеледі. Сот төрағасының үкімдері, жұмыс жоспарлары, сот ұжымының жедел кеңес хаттамалары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот өндірісіндегі тіл мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сот қызметіндегі тіл саясатының жүргізілуі мен нәтижелі жетістіктерге жетуі сот қызметіне жүгінген тараптардың ортақ іс-қимылына көп байланысты. Шортанды аудандық сотына 2018 жылдың 4 айында 18 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде мемлекеттік тілде 2 іс , яғни 11,1 % құрайды, 399 талап арыз және материалдар түсті, оның ішінде 6 арыз мемлекеттік тілде, яғни 1,5 % құрайды, 138 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде мемлекеттік тілде 21 іс, яғни 15,2 % құрайды. Бұл сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылуы әлі де болса өте төмен деңгейде екендігін көрсетеді. Оған басты себеп, ең алдымен, өндіріске түскен істердің және талап арыздардың орыс тілінде рәсімделуінен. “Бірлесіп көтерген жүк жеңіл” демекші қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін бәріміз бірігіп үлес қосуымыз керек. Өз тілімізді сүю арқылы өзгелерді мойындата білейік.


Ә.Есқара


 




Көрілген: 3633    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 00:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31