Тіл бар жерде ұлт бар

Тіл бар жерде ұлт бар

Жаһандану дәуірін бастан кешіріп отырмыз. Жаһандану елдерді тұтастырып, ұлттар мен ұғымдарды біріктіріп жіберуге тиіс сияқты көрінеді. Бірақ, терең үңіліп көрген адам үдерістің дәл сондай емес екенін байқар еді. Тіпті керісінше, жаһандану – ұлттар мен ұлт тілдеріне жан бітіріп, оларды өмір үшін күреске итермелеп отырған тәрізді. Нағыз жаһандануға бейім құрлық

Евроның өзінде сол байқалады. Евродақ мәжілістерінде әр мемлекет өз тілін талап ететін болып жүр. Яғни, әр ұлт жаһандануға өз ұлттық бояуымен, үнімен, тілімен барғысы келеді екен. Бұндай үдерістен біз де шет қалмақ емеспіз. Күн өткен сайын елдің мемлекеттік тілге деген ынтасы артып келеді. Бұдан еліміздегі өзге ұлттар да құралақан емес. Олар да өз тілі мен салт-дәстүрін сақтауға ұмтылыс жасап жатыр. Олай болса елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламаның нақты «Тілдерді қолдану мен дамыту» деп аталуы тектен-тек емес. Осы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бөлімінде «әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау; тілдер гармониясына жол ашу» деген баптар бар. Ол мынадай нәтижеге жеткізуге тиіс. Бағдарламадан үзінді: «Өз тілдерін меңгерген өзге ұлт өкілдері 30 пайызға жетуі керек». Иә, ұлттық ерекшелікті жоғалтпау керек-ақ. Адамзаттың ең үлкен байлығының бірі ол. Тіпті Құранның өзінде «мен сіздерді ұлт пен ұлысқа бөліп жараттым» дейді. Яғни, ұлтқа бөліну о бастан бар дүние. Олай болса әр ұлт пен ұлыстың жаһандану дәуірінде өз тілін сақтауға ұмтылуы – заңды құбылыс. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанованың мына пікірі осы ойымызды шегелей түсетін тәрізді. «Жаһандану болған жерде этнизация болады. Еуропаны қараңыздар, олар өздерінің ұлттық құндылықтары үшін ақшаны аямай жұмсап келеді. Ірі мемлекеттерді айтпай-ақ қояйық, ұсақ мемлекеттердің өздері ұлттық мүдде үшін күрес жүргізуде. Біздің елімізде де этнизация, яғни қазақтану процесі жүріп жатыр. Егер халық қандай да бір экономикалық құбылысты өз тілінде атаса, бұл оларда экономикалық сана дамып жатыр дегенді білдіреді».
Әрине, әр ұлттың өз ерекшелігін, тілі мен дәстүрін сақтау тырысуы заңды құбылыс екенін айттық. Және де бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемдік қозғалысқа айналып отыр. Олай болса, қазақ баласының да өз тілі мен әдет-ғұрпын сақтауға деген ұмтылысына осындай көзқараспен қарау керек. Қазақ осы мемлекеттің атауы мен бүтін болмысын қалыптастырып отырған ұлт. Қазақстан деген ұлы даладағы мемлекеттің негізгі иесі – қазақ. Сондықтан да оның өз елінде мемлекеттік тілдің мерейі үстем болуына байланысты талабы заңды. Оны ешкім де жоққа шығармайды. Тіл туралы заңдардың түпкі идеологиясы осы. Бірақ, ондай жетістікке қайшылық тудырып алмай, біртіндеп жетуге болады. Күн өткен сайын ұлттық дүниенің тереңдей беретініне, этнизацияның тоқталмайтынына көз жетті. Бірақ, ол өзге тілдермен және ұлттармен үйлесім арқылы, гармония негізінде жүзеге асса, ешкім де ұтылмасы анық.

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста