Сенi iздеймiн

Тілді оқыту модельдері – тың дүние

  • Тілді оқыту модельдері – тың дүние

    Тілді оқыту модельдері – тың дүние

 


Рас, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдің бірі және бірегейі. Сұлу да көркем біздің тіліміз. Бірақ, сол байлықтың қазіргі заман дамуымен бірлігі қалай деген сұраққа кәдімгідей бас қатыруға тура келеді. Бүгінгі технологияның дамуы, оның жер бетіндегі барлық дүниеге әсері адам айтса сенгісіз деңгейге жетті. Бұл үдеріс енді қайтып тоқтамайтыны анық. Бұл үдеріс тілдердің қолданылуы мен дамуына әсер етіп отыр. Жаңа технология күн сайын тілге жаңа терминдер мен ұғымдар әкеліп қосады. Оны қолданбасаң, тіл кенже қалады. Сондықтан бұл үдерісті мойындай отырып, соған бейімделуге мәжбүр боламыз. Ал, мойындау дегеніміз, соған сай модельдер, инновациялар, тілді оқыту мен үйретудің тың тәсілдерін меңгеру деген сөз. Бұны меңгермейтін болсақ тілдің дамуын тежейтініміз анық. Міне сондықтан да «Қазақстан Ресрубликасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бұл мәселеге айрықша мән берілген. Нақтылайтын болсақ, мемлекеттік бағдарламада: «Осы ретте дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады...Нысаналы аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі позитивті бейнелер мен модельдерді әзірлеу негізінде мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа табысқа жеткен, мәртебелі тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік және басқа да тілдерді білетін этнос өкілдерін тарту көзделеді» деп атап көрсетеді. Әрине, тілді дамытуға байланысты тың модельдер мен инновацияны әзірлеудің өзі оңай шаруа емес.



Оған тілдің құрылымына байланысты бұрыннан қалыптасқан көзқарастар мен заңдылықтардың да кедергі келтіретінін ұмытпаған жөн. Мәселе олардың кедергісінде емес, тіл мамандарының заман ағысын терең түсінбеуінде, тың өзгерістерді бүтін қабылдай алмауында болатыны анық. Иә, рас, олар тіл жүйесі мен заңдылықтарының бұзылмауын талап етеді, онсыз тіл мәні мен мағынасын жоғалтады, өзгеріп кетеді деп санайды. Бұл ұстанымның да дұрыстығын мойындай отырып, тілдің тірі ағза екенін, ол заманмен бірге жетілетін, технологиялық үдеріс кезіндегі қарым-қатынас құралы екен еске салғымыз келеді. Сондықтан да техника тілін меңгерген жас мамандар толқыны ұсынатын тілді үйретудің заманауи модельдеріне зейін қойғаннан ұтылмаймыз. Мемлекеттік тіл бағдарламасында да мұны былайша атап көрсеткен: «Қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңызды элементінің бірі - мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріндегі ұнамсыз таптаурындарды бейтараптандыру көзделеді».

Бұл жердегі «бейтараптандыру» дегеніміз – бұрынғы көзқарастар мен ұстанымдардан арылу, жаңа модельдерге кедергі келтірмеу, олардың ұтымды ұсыныстарын басшылыққа алу деген сөз болса керек. Мысалы, ағылшын тілін оқып-үйрену курстарында қалыптасқан нақты модельдер бар. Қағаз, дискі, жазба түрінде дейсіз бе, әйтеуір түрлі-түрлі. Сол модельдер оқытудың барлық түріне ортақ. Сұрақ дискіде болса, жауабы қағаз түрінде дайындалған. Немесе, керісінше. Оны әңгімелесу түрінде өткізеді. Яғни, барлық модельдер бір технология, бір көзқарас, бір қалыпқа негізделген. Мағынасы, адам алдымен ауызша, сұрақ-жауап формасында меңгереді. Бұл жерде тілдің грамматикасы, жазу емлесі екінші орынға шығады. Осылай сатылап тереңдей береді. Және бұл бірнеше сатыға, кезеңге бөлінген. Әр кезеңнің өзіндік модельдері бар. Адам өздігінен газет, кітап оқи алатын деңгейге жеткенде грамматикалық дүниелер терең қарастырыла бастайды. Сөйтіп, оқып-үйренудің нәтижесінде адам біртіндеп ағылшын тілін толықтай және дұрыс меңгеріп шығады. Сол модельдердің қарапайым түріне тоқталайық:

-баспасөздегі мақалаларды дауыстап оқыту, түсінгенін баяндап беру, соны қасындағы көршісіне түсіндіруге тырысу;

-ғаламтордан қазақ тілді бағдарламалар көру, оның мағынасын өзінше жеткізуге тырысу;

-ұлттық тағамдар әзірлеуге қатысу, оны баяндап тұру;

-қазақ тіліндегі фильмдер көру қазақ болмысын тануға тәрбиелейді, тілдің мәнін ұғады;

-қазақ тілінде жедел әңгімеге басымдық беріледі, сұрақ-жауап, амандасу-қоштасу, елін-жерін, көшесін сұрау;

-елден келген қонақтармен кездесу өткізу, олардың әңгімесін ьарынша қарапайым дүниеге жеткізу;

Міне, осындай қарапайым дүниелер тілге деген ынтаны арттырады, қызығу туғызады. Сөйтіп, баули береді.

Ал, бізде әлі күнге дейін қазақ тілін оқытуды грамматикадан бастайды. Оған септіктер, жалғаулар, шылау, одағай сөздер қосылады. Сөйтіп, оқып-үйренушінің басы қазандай болып, нені неге қосарын білмей есі шығып қалады. Қазақ тілін оқытуды осылайша біз қолдан қиындатып отырғанымыз да шындық. Тілдің басты қызметі қарым-қатынасқа қызмет ету болса, онда алдымен сол қызметті алға шығару керек екенін ұғамыз бұдан. Онда сондай жеңіл модельдер, қазақша айтар болсақ «қалып» жасауды қолға алу керек. Өйткені, қазақ тілін тек Қазақстанда ғана оқытады десек, қателесеміз. Қазір көршілес Қытай және бір туған Түркия елдерінде жоғары оқу орындары қазақ тілі оқытып жатыр. Бұл үрдіс кеңіп келеді. Кейінгі он жылдың ішінде Германия, Польша, Венгрия, Швеция, Оңтүстік Корея және АҚШ университеттері Орта Азия және Түркітану бөлімдерін ашып, қазақ тілін оқытып жатыр. Олар тың модельдер қалыптастыруға тырысады. Бірақ, әркім әлінше, әр университет мүмкіндігінне байланысты модель құрайды. Ол әртүрлі болып кететіні де анық. Бұнда пәлендей үлкен қайшылық болмаса да кәдімгідей қиындық туғызады. Сондықтан, бұл модельдерді елдегі тішші-ғалымдар, мамандар жасайтын болса, мемлекеттік тілді оқытудың мемлекеттік қалыбы, стандарттары, модельдері жасалар еді. Бұл модельдер тек шет елдегі ынталыларды ғана емес, ең алдымен елдегі қазақ тілін білмейтіндерді оқытуға тың серпін берер еді. Ең бастысы, бәріне – шет ел болсын, Қазақстан болсын, бәріне ортақ мемлекеттік және басқа тілдерді меңгерудің қалыбы, ортақ моделі қалыптасар еді. Ал, мемлекеттік тілді меңгеру, меңгеру ғана емес, дамыту бәрімізге ортақ міндет. Бұл міндетті жүзеге асыруға жаңаша көзқарас қалыптастыру, тың серпіліс туғызу да міндетке айналады онда.

С. Ақынжанов




Көрілген: 3667    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31