Олимпиадалық бал ақпан айында өтеді

27 желтоқсан 2012, 12:52

Спортшылардың  Олимпиадалық балы 2013 жылы ақпан айының басында өтетін болды. Бұл туралы ҚР Спорт істері жөніндегі комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекция­сының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов мәлімдеді.
Қазақстан спортшыларының Олим­пиадалық балы жыл сайын Жаңа жылға дейін емес, Жаңа жыл мерекесінен кейін өткізіліп жүр. Онда өткен жылдың дода­лары қорытындыланып, бірнеше номина­ция бойынша жыл үздіктері марапатта­лады. Үздік жетістіктер ерекше аталып өтіп, кешке спорт ардагерлері де шақырылады. Оларға да құрмет көрсетіліп, ел спортының ардагерлері жастарға батасын береді.
2012 жылды қорытындылайтын  Олим­пиадалық бал кешінің қай уақыт­та және қай жерде өтетінін білу үшін біз кеше ҚР Спорт істері комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекция­сы­ның баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов­пен хабарластық.
– Олимпиадалық бал 2 немесе 3 ақпан күні Астанадағы Салтанат сарайында өтеді, – деп жауап берді бізге баспасөз хатшысы.