Тұғыр

Астана – үйлесімділік пен бірліктің бәйтерегі

  • Астана – үйлесімділік пен бірліктің бәйтерегі

    Астана – үйлесімділік пен бірліктің бәйтерегі

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір деген пікір жиі айтылады. Мұны Астананың архитектуралық бейнесі де дәлелдей түсетіндей. Астанаға алғаш бас сұққан кез келген қонақ, шетелдік азамат оның болмысына таңданыссыз қалмайды. Аз уақыттың ішінде жазиралы жазық далада заманауи қаланың пайда болуы, онымен қоса, қаланың саяси-экономикалық мәртебесінің ерекше қарқынмен көтерілуі әлемдік тәжірибеде кездесе бермейтін жайт. Жаңа ғасырда Астанадай қарқын­ды жылдамдықпен дамып көркейген қала, сірә, жоқ шығар. Сол себептен Астананы «Орталық Азия феномені» деп атауы орынды-ақ.
Қазақ елінің төртінші астанасы болып отырған Астана – қазақтың тәуелсіз санасын бейнелейтіндей. Бұған дейінгі үш астанамыз да кеңестік дәуірдің туындысы болды. Әрине, қазақстандықтар үшін Ал­ма­тының да орны бөлек. Алматыда қазақ­тың талай тарихи маңызды оқиғалары, қуа­ныш-қайғысы, шері жатыр. Дегенмен Астананың болмысында тәуелсіз санаға жетелейтін рух бар.
«Мәскеу бірден тұрғызылған жоқ», ал Астана тұрғызылды
Астана көптеген парадигмаларды бұзған қала екені талай айтылып жүр. «Мәскеу бірден тұрғызылған жоқ» деген әйгілі тіркес бар еді. Енді қазақстандықтарда «Мәскеу бірден тұрғызылған жоқ шығар, бірақ Астана бірден тұрғызылды» деген әзіл пайда болды. Расында, айналдырған 10 жыл ішінде жазиралы жазық даладан қайталанбас келбетті, заманауи қаланың бой көтеруі талай айтылып жүрген болса да, бұл таңғаларлық жайт екені сөзсіз.

Астана Орталық Азиядағы ең заманауи қала деуге болады. Әрине, аталған ай­мақта Алматы мен Ташкент, Ашхабад пен Душанбенің қай-қайсысы да әдемі қала. Дегенмен оған кеңестік заманның исі біржола сіңіп қалған. Бұл қалалар тәуелсіздікт­ен бері даму, кеңею үстінде. Алайда оның негізгі құрылысын орыс архитектурасы құрай­ды. Ал Астана тәуелсіз сананы бейнелейтін орталық-азиялық алғашқы қала. Яғни мұны отарсыздандыру саясатының көрінісі ретінде бағалауға болады. Екіншіден, қаланың тұрмыстық қажеттіліктен кеңеюі – көп нәрсеге шектеу қояды. Әсіресе қаланың көркі мен сәулетіне нұқсан келтіретіні анық. Ал әу бастан-ақ барша қажет­тіліктер ескеріле отырып тұрғызылған қаланың орны бөлек болатыны дәлелденіп жатыр.
Бәйтерегі баянды бақытты меңзейді
Бүгінгі Астананың макетін алдымызға жайып, назар салып қарайтын болсақ, оның әрбір тетігі тәуелсіз сананың жемісін дәлелдеп тұрғанына көз жеткіземіз. Биіктігі – 105 метр, салмағы 1000 тоннадай болатын металл құрастырма, «Бәйтерек» монументі – Астананың ғана емес, барша қазақ­тың тәуелсіз санасының символы болып отыр. Күн мен түннің, жаз бен қыстың, жақсылық пен жамандықтың алмасуын бейнелейтін бұл «Бәйтерек» сан жылдар бойы әлемді жайлаған еуроцентристік ұғымның соңы таяп, азиялық, түркілік сананың жаңғырып келе жатқанын астарлайды.
Пирамида һәм Хан шатыры
Астананың ерекше талғаммен тұрғы­зыл­ғанын әсіресе шетелдік сәулетшілер көп байқайды. Жұртшылық «әлемнің сегі­зінші кереметі» деп атап кеткен «Бейбітшілік және келісім сарайына» ұқсас өзге діни ғимарат әлемде жоқ. Зор­лық-зом­былықтан бас тарту және адам­дардың тең­дік және сенім символы, діни түсініктің ғаламдық орталығына айналған осы ғи­мараттың құрметіне бола ЮНЕСКО Ас­та­наға «әлемнің бейбіт қаласы» деген мәртебені сыйлағанын білеміз. Қыс­қасы, пирамида-сарай құрылысының авторы, әлемнің әйгілі он сәулетшілерінің қа­тарына кіретін Норман Фостер өзіне табысталған жүкті тиісті деңгейде алып шыға алды.
Архитектурадағы ұлттық рух
Астана архитектурасының өне бойында қазақы рух пен түркілік танымды оңай байқауға болады. Астананың бас ғима­раты, Ақ орданың көк күмбезді болуының өзі шығыстық, мұсылмандық, түркілік, қа­за­қылықтың көрінісі. Бас қаладағы «Ел Ана», «Жер-Ана», «Қазақ елі» монументтері әрбір отаншыл азаматтың бойына жігер бітіреді.
Астана қаласы экология мәселесінде әлемнің көп қалаларынан көш ілгері жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен Астана айналасын, яғни қала орта­лығынан 60 км радиус шеңберіндегі аума­ғын көгалдандыру жобасы жүзеге асырылды. Қаланы Арқаның аңызақ желі мен сұрапыл дауылдарынан қорғау үшін жыл сайын 5 мың гектар жерге ағаш отырғы­зылып, жасыл белдеу жасалынды. Енді оны Көкшенің табиғи орманына апарып қосу жоспарда тұр.
Виктор КИЯНСКИЙ, мәжіліс депутаты:
– Бас қаламыз өзіндік келбетімен әлемге ашық екендігін және жаңалыққа құштарлығын паш етіп тұрғандай. Жалпы айтқанда, архитектура көп нәрседен хабар береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік пен келісім пирамидасын» Ақордамен қатар­лас орналастыру арқылы тұтас мемле­кеттің ұлтаралық татулық пен конфес­сияаралық келісімге деген ілтипат-құр­метін танытты. «Бәй­терекпен» және Ақ­ордамен желілес, үн­дес, тамырлас орын тепкен. Мұның өзі біздің мемлеке­тіміздің ұстанымы мен қағидаттарын айқын­дайды. Бәйтерек түрлі ұлттар мен ұлыс­тар бас қосқан алып шаңырақ пен бірлігі жарасқан үлкен отбасының символы болса, Ақ-орда – ең алдымен, халықтың мақсат-мүддесін көздеген билік, ал «Хан шатыр» – әлем елдерінің бірлігі, бір арнаға тоғысқан көзқарас пен ортақ міндеттің белгісі.




Көрілген: 3501    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2012, 12:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31