Құқығыңды білесің бе?

Алмалы ауданында жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

  • Алмалы ауданында жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

    Алмалы ауданында жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

Қыркүйек айының аяғында Алматы қаласына қарасты Алмалы аудандық әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің бірлесе ұйымдастыруымен бірлескен семинар-кеңес өткізілді. Аудан көлемінде атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер аудан әкімдігі отырысында қаралды.


Жиында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралды. Жоспардың әрекет ету мерзімі барысында жергілікті атқару органдарының басшылары өздері басқаратын мекемелерде мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін сақтау мәселелері туралы әкімдіктің отырыстарында есеп береді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, орындаушылық тәртібін сақтау мәселелері қаралды.
Сондай-ақ соңғы кездері елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан істерге, қабылданған заңдық нормалар мен атқарылып жатқан шаралардың мақсаты мен сапасы да сөз болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу. Жақында ғана мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.

Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу және болдырмау, олардың салдаларын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді.
Осы орайда Алмалы аудандық әкімдігі жемқорлықпен күрестің тиімді тәсілдерін таңдаған. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық фактілеріне мүлдем қатысы болмауы үшін, олардың бойында жемқорлыққа төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі осындай семинарлар ұйымдастыру болып табылады. Семинарларға қатысушылар мен спикерлер семинардың өткізілу деңгейін жоғары бағалады. Айта кетер жайт, Алмалы ауданы әкімдігі алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты өткізіп тұру туралы шешім жасады.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қасы күресіндегі және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі күштерін үйлестіруді арттыру үшін мұндай семинар кеңестердің маңызы зор!


Еркенұр ЕРЗИЯ


 




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.10.2017, 20:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30