Құқығыңды білесің бе?

Алматы вагон жөндеу зауытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

  • Алматы вагон жөндеу зауытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

    Алматы вагон жөндеу зауытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Алматы вагон жөндеу зауытында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін түсіндіру бойынша Түрксіб ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Жиынға вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымдары, зауыттың ардагерлері мен Түрксіб ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚР Президентінің Жолдауының бесінші басымдығына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті дамыту біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Сондықтан қазіргі істелініп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қоғамды жемқорлық сияқты келеңсіздіктен тазаламаса болашағымызға кесірі тиеді. Ал Алматы қаласының аудандарында бұндай шаралар көптеп ұйымдастырылып келеді.

Осы бағытта жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков алғы сөзбен ашып, Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Нұрланбек Әжібаев пен Алматы вагон жөндеу зауытының директоры Андрей Цой баяндамаларында зауытта жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде атап өтті.
Нұрланбек Әжібаев, Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары:
- Мәңгілік елдің іргетасын қалап, оның күн санап өсіп-өркендеуіне Мемлекет басшысы өзі бас болып, Ұлт жоспарын бекітіп берді. Ұлт жоспарында жемқорлықпен күреске айрықша мән берілген. Өйткені жемқорлық мемлекеттің дамуына кері әсер ететін бірден бір факторлардың бірі. Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сондықтан баршаңызды сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге шақырамын!

Таңат Жайлауов




Көрілген: 1334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.09.2017, 12:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30