Құқығыңды білесің бе?

Борышы үшін түрмеге де отырғыза ма?

  • Борышы үшін түрмеге де отырғыза ма?

    Борышы үшін түрмеге де отырғыза ма?

Кейінгі жылдары қарызын өтемеген борышкерлерді түрмеге отырғызуға дейін жаза қолдану бағытындағы заң қатаңдатылған деп естідік. Сонда төлейтін мүмкіншілігі болмаса да, борышкер екен деп бас бостандығынан айыра беруге бола ма? Оның қандай әрекеті немесе әрекетсіздігі қылмыскер қатарына қарай итермелеуі мүмкін?

Ахмедияр ЕЛТАЙ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ


Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданып, 2015 жылдың басынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекстің 430-бабына орай, заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не сот орындаушысының билігіндегі атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамаушы, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасаушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Алайда, борышкердің сот кесімін орындауға мүлкі мен қаражаты жөнінен мүмкіншілігінің нақты болмауы оған қатысты қылмыстық немесе әкімшілік істің қозғалмауына негіз туғыза алады. Ал, ондай мүмкіншілігі бола тұра, табысын, мүлкін жасырған, жұмыс орны, кәсіпкерлік қызметі жөнінде шынайы ақпарат бермеген, атқарушылық құжатты орындаудан жалтару мақсатында жиған-тергенін сатып жіберген борышкер сот кесімін, атқарушылық құжатты орындамаған деп танылады. Сот орындаушысын тұрғын үйіне, басқа да мекенжайына, қоймаларына кіргізбеген, өзге де қарсы әрекеттер жасаған борышкер мәжбүрлеп атқару ісіне кедергі жасаушы болып саналады. Ондайларға қатысты, әрине, заң жүзіндегі тиісті шаралар қолданылады. Осындай іс-әрекеттерге борышының өндiрiп алынатын сомасы еліміздің заңнамасында ағымдағы жылға белгiленген 10 мың айлық есептiк көрсеткiштен аса тұра, барушының (сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасаушының) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылуымен қатар, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығымен қоштасады. Дегенмен, осы қылмысты жасаған және сот үкімі шығарылғанға дейін берешегінің бүкіл сомасын өтеген адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. 


Алаш айнасы




Көрілген: 1170    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30