Құқығыңды білесің бе?

Электронды тіркеудің тиімділігі неде?

  • Электронды тіркеудің тиімділігі неде?

    Электронды тіркеудің тиімділігі неде?

Азаматтардың құқықтық сауатын көтеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру Әділет министрлігіне жүктелген міндеттің бірі.


Бүгінгі күнге дейін қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде әділет құрылымдары тарапынан көрсетілетін қызметтің жеделдігі артып, сапасы жоғарылады. Осы аралықта жаңа заңнамаларды, олардағы жаңалықтарды жұртшылыққа ұғынықты тілмен түсіндіру қызметі қатар атқарылды. Түсіндіру шараларында тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтарға үнемі талдау жасалып, қандай мәселеге жіті мән берілуі керектігі іріктелетіні белгілі. Азаматтар көбінесе электронды тіркеудің тиімділігіне күдікпен қарайды. Өйткені, осы күнге дейін қарапайым халық жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты құжаттарды ретімен жинап, құзырлы орындарға өз аяғымен барып тіркеткен болатын. Бұл ескірген жүйе. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылуды ниет еткен Қазақстан үшін азаматтарды әуре-сарсаңға салатын, уақытын алатын мұндай қызмет түрлерінен арылатын уақыт жетті. Қазіргі электрондық қызмет соның нақты мысалы.


Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бүгінгі күні электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл уақыт жағынан да, қауіпсіздік жағынан да өте ұтымды. Өйткені, мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден (БНАЖ) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Келісім құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікті тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде, сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.


Алаш айнасы




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 17:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30