Құқығыңды білесің бе?

Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түсуде

  • Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түсуде

    Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түсуде

Елімізде соңғы уақытта енгізілген өзгерістерге сай бала асырап алу жеңілдей түсуде. Осы ретте перзентханадағы тастанды балаларды жетімдер үйіне жібермей, бірден ата-ана қолына табысталуда. Бұл еліміздің осы саласындағы бюрократизмді жеңіп, мәселені толықтай шешеді деп күтілуде.

Бұдан былай елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек. Тың бастаманы прокурорлардың өздері мықтап қолға алып отыр.


Осы ретте Талғар ауданының құзырлылары перзентханадағы тастанды балаларды жетімдер үйіне жібермей, бірден ата-ана қолына табыстауда.


Бүлдіршін әуелі қамқорлыққа беріледі, ал жарты жылдан соң оны толық асырап алуға мүмкіндік бар. Жаңа жоба аясында талайдан бері балаға кезекте тұрған қос отбасы шақалақты бауырына басып үлгерді.


Сәбидің дауысын сағынып, тағаты таусылған Жанар бұл күнді асыға күтті. Ол тездетіп баласын бауырына басуды арман етуде. 10 жыл бұрын тұрмыс құрған келіншек осы күнге дейін құрсақ көтере алмапты. Перзентке зар болған жас отбасылардың емделіп жүріп баспаған тауы, бармаған жері қалмаған. Ақыры тастанды шақалақты бауырына басуды жөн көреді. Дегенмен, бір сәтте ойға оралған іс 2 жыл дегенде әрең бітті. Біреудің жаһанғы сыйғыза алмаған сәбиі жатырына бала бітпеген ананың құшағынан бірақ шықты. Шақалақты туған анасы ай басында перзентханаға туа сала тастап кеткен. Безбүйрек ана тіпті баладан үзілді-кесілді бас тарту туралы арыз да қалдырыпты. Жарық дүниеге келмей жатып тағдыры тәлкекке түскен бөбекті Жанар жұбайы екеуі жетімдер үйіне жеткізбей, өз қамқорлықтарына алып отыр.


Жанар сынды Алтынай да бір перзентке зар болған. Осыдан 16 жыл бұрын дүниеге ұл әкелген келіншектің тағдырына екінші мәрте құрсақ көтеру бұйырмапты. Екіншісін аңсаған Алтынай 3 рет жасанды жолмен ұрықтандыру да жасап көреді. Алайда, бар талпынысы еш кеткен. Ол да 1 жарым жыл кезекте тұрып, безбүйрек ана бас тартқан бүлдіршінді бауырына басты.


«Қуанышым шексіз, жылап та алғым келіп тұр. Өз-өзімді әрең ұстап тұрмын. Шын айтамын, қуанғаным соншалықты. Өйткені, қанша қиналдым, экоға да бардым. Былай да тырыстық. Қанша операциядан өттім. Бірақ барлығы сәтсіз болғаннан кейін, ылғи да экоға барасың болмағаннан кейін жылайсың. Енді бүгінгі сезімді, қуанышымды айтып жетізе алмаймын», – дейді Алтынай.


Тастанды балаларды ата-анасы перзетханадан үйлеріне алып кетті. Мұндай оқиға елімізде алғаш болып отыр екен. Өйткені, заң бойынша анасы перзентханада бас тартқан балалар, бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс. Кейін олар жетімдер үйіне жіберіліп, әрмен қарай олар туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі. Десе де, мұндай ұзақ рәсімді жеңілдетудің Талғар ауданының прокурорлары қолға алған. Қос ананы бала сүю бақытына бөлеген құзырлылар «Жетім балалар үйінсіз Жетісу» жобасын жүзеге асыруда. Басты мақсат – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуіне мүмкіндік беру. Әрі, жетімдер үйіндегі бүлдіршіндердің санын азайту.


«Бала асырап алғысы келетін отбасылардың барлығы құжат рәсімдеу мәселесі ұзақ уақыт алады деп шағымданады. Сондықтан біз бұл жолды жеңілдетуді қолға алдық. Ата-ананың құжат рәсімдеу мерзімін тездетіп, екі тастанды баланы жетімдер үйіне өткізбестен бірден кезекте тұрғандарға қамқорлыққа бердік. Енді ол отбасылар жарты жыл көлемінде біздің бақылауымызда болады. Егер сәтті болып, ең бастысы баланың жағдайы жақсы болса, әрмен қарай сәбиді сол отбасыға асырауға беру жағын қарастырамыз», – деді Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев.


Құзырлылар қолға алған тың жобаға қызығушылық зор екен. Бүгінде Талғар ауданында 28 отбасы аталмыш жоба аясында бала асырап алуға ниеттеніп отыр. Жоба тиімділігін көрсетсе, олардың саны арта түспек. Айта кетсек, қазір елімізде 27 мыңға жуық жетім бала болса, тек 3000-ға тарта отбасы бала асырап алуға кезекте тұр.
Алаш айнасы 




Көрілген: 1207    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.11.2017, 15:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30