Құқығыңды білесің бе?

«Жемқорлық – әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы»

  • «Жемқорлық – әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы»

    «Жемқорлық – әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы»

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 24 қазан күні «Жемқорлық – әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жоба бойынша, іс-шара шеңберінде ЖСДП Төрағасы Ж.Тұяқбайдың сәлемдеме сөзі оқылып, ЖСДП Саяси Кеңесінің Төралқа Төрайымы Зәуреш Батталова, Төралқа мүшесі Айдар Алибаев, партия басшылығының мүшелері, саясат және қоғам қайраткерлері, Мемлекеттік емес ұйымдардың төрағалары, мемлекеттік орган өкілдері баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында көп жоспарлы аспектілердің арасында жемқорлық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, мемелекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасы саласындағы жемқорлыққылмыстың ауқымы, яғни, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік тапсырыс және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы қарастырылады.

Сарапшылар құқыққорғау органдары мен басқа да мемлекеттік институттардағы жемқорлықтың көрінісіне, жемқорлықтың әлеуметтік қауырттылыққа тигізетін әсеріне, саяси жүйеге, демократиялық институттардың дамуына, заңшығарушылықтағы жемқорлықтың қатеріне баға беруге тырысады.

Баяндамалар мен талқылаудың нәтижесінде үкімет пен азаматтық қоғамға ұсыныстар әзірлеуде.

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Ақпараттық-сараптамалық орталығы бастығының орынбасары Б.Айтбаев жыл басынан бері қазынаға келтірілген шығын көлемі 70,2 млрд. теңгені құрайтын 239 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Масқарасы сол, жемқорлық қылмыс саны бірінші тоқсанында 70-ті құраса, ол екінші тоқсанда 2 еседен астам өсіп, 169 қылмыстық іс қозғалған.

Б.Айтбаев мемлекетке аса зор зиян шектіретін жемқорлық қылмыстың екі түрін атады: жалған кәсіпкерлік пен жалған тендер өткізу.

2017 жылдан бері басынан бері мемлекеттік қызметкерлер 1 млрд теңгеге жуық пара алған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты.

«2017 жылдың басынан бері пара алғаны үшін 900-ден астам адам ұсталды. Олардың алған параларының көлемі әртүрлі. Бірақ, 1 миллион теңгеден кем емес. Дегенмен, соңғы жылдары пара алып істі болған мемлекеттік қызметкерлердің қатары кеміді», — деді Айгүл Шаимова.


.




Көрілген: 1491    Пікірлер: 0

жұма, 27.10.2017, 16:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30