Құқығыңды білесің бе?

Жемқорлыққа қарсы жиындар Алатау ауданында жиі өтеді

  • Жемқорлыққа қарсы жиындар Алатау ауданында жиі өтеді

    Жемқорлыққа қарсы жиындар Алатау ауданында жиі өтеді

Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық – бұл әлеуметке қарсы, қоғамдық қауіпті, экономикалық және саяси қауіпсіздікке қатер төндіретін, билік бұтақтарынан өткен, мемлекет есебінен жеке бай болу мақсатында лауазымды тұлғалар жасайтын, қылмыстардың жиынтығын құрайтын құбылыс. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу Қазақстанда өзекті және анық мәселе болып отыр. 2017 жылдың 30 қыркүйегі күні Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегиясының негізгі ережелері Алатау ауданы әкімдігінде түсіндірілді. Жиын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жақсы баға алды.


Сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр, бірақ бұл оны жеңуге болмайды деген сөз емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ол ұзақ процесс, оған қоғамның барлық топтары жұмылдырылуы тиіс. Бұл ретте бастама төменгі жағынан шығуы керек. Әуелі өзіңді өзгерте біл, ал кейін мемлекеттен өзгерістерді талап ет.

Жемқорлықтың алдын алу жолдарының бастауы қазір халыққа түсіндіруде жатыр. Халық пара алған кісінің жауапкершілігі пара берген кісінің жауапкершілігімен пара-пар екендігін әлі түсіне бермейді. Міне, сол үшін де түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі артып отыр.
Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Ернар Игіліковтің қатысуымен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері, білім саласының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері, Алатау ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғам кеңесінің мүшелері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Алғашқы сөзді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы – Ернар Игіліков алып, басқарманың атқарған істерімен таныстырды. Басқарма басшысы сөзін Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Алмасбаев Мұқан жалғастырды.

Алмасбаев Мұқан, Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары:
- Сыбайлас жемқорлық кез-келген тұлғаның, қоғамның, тіпті тұтас мемлекеттің өркениетіне балта шабатын ауыр індет екендігі белгілі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Солндықтан ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес бәр сәт тоқтаған емес. Жыл сайын осы бағытта түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Жиын соңында Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Болатұлы қатысушыларға алғыс білдірді. Осылайша аудан көлемінде атқарылған, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы тағы бір жиын қорытындыланды.

Еркенұр ЕРЗИЯ

 




Көрілген: 1408    Пікірлер: 0

сенбі, 14.10.2017, 10:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30